Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет Қазақстан бойынша 17-19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күнде ауа-райының тұрақсыз сипаты еліміздің батысы мен солтүстік-батысында сақталады. Түнде еліміздің солтүстік-батысында қар араласы жауын-шашын болып, жел күшейеді.

Қазақстанның қалған бөлігінде ауа-райы ашық болады деп күтілуде. Тек 18-19 қазан күндері еліміздің солтүстігінде аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.

Түнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 0-10 градусқа дейін жылиды.

Сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градус аяз болады деп күтілуде. Күндізгі уақытта ауа температурасы 10-18 градустан 5-15 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында термометрлер бағандары біртіндеп шығыста 5-15 градустан 10-18 градусқа, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-22 градустан 15-25 градусқа дейін жоғарылайды.

Тағы да оқыңыз: