Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 9-11 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты.
Қара теңіз аудандарынан ығысқан циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжиды. Сондықтан қарлы боран соғып, жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, оған қарай скандинавиялық антициклон жылжиды. Кейін аз уақытқа аяз күшейеді. Республика бойынша қатты жел күтіледі.
"Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аяз болады, термометр бағаны түнде 20-30 градус аязға дейін, ал шығыста 18-23 градусқа дейін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Фото: Нұрболат Нұржаубай