Kyzylorda-news.kz. Болжам бойынша, 7-9 қыркүйек күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғатын жаңбырлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, түнде көктайғақ түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы күндіз 18-25 градус Цельсийге дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі температура 22-30 градусқа дейін жылынады.
