Kyzylorda-news.kz. Еліміз бойынша 2021 жылдың 12-14 қазанына арналған ауа райы болжамы. Алдағы уақытта ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ, батыс және оңтүстікте дауыл болады деп болжануда. Батыста күндіз температура біртіндеп көтеріліп, 13-20 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталықта 8-15, оңтүстік аймақтарда 13-20 градусқа дейін жылынады.

Тағы да оқыңыз: