Kyzylorda-news.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова алаяқтық жолмен рәсімделген несиелерге қатысты жаңа заңнамалық өзгерістер дайындалып жатқанын хабарлады.
Оның айтуынша, егер несие азаматтың келісімінсіз немесе биометриялық растаусыз рәсімделсе, мұндай қарыз сотқа жүгінбей-ақ есептен шығарылады.
«Азамат құқық қорғау органдарына өтініш түсіреді. Тергеу органы несие алаяқтық жолмен алынғанын растайтын қаулы шығарады. Сол құжаттың негізінде банк бұл несиені жоя алады», — деді Әбілқасымова.
Агенттік бұл тәртіпті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірлеген. Жаңа механизмнің басты мақсаты — азаматтарды кибералаяқтықтан қорғау және ұзақ сот процестерін қысқарту.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
