Kyzylorda-news.kz. Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президенті сайлауы бойынша қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, айқын жеңіске жеткен болатын.

Осы орайда, бүгін Жалағаш аудандық партия филиалының «Аламесек ауылдық округі» БПҰ сайлау қорытындысын қолдау мақсатында кездесу өтті.

2022 жылдың 26 қарашасында Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының ұлықтау рәсімінде халық алдында ант беру рәсімі өтті. Президент алдағы қызметінің бірқатар негізгі бағытын атап өтті. Мемлекет басшысының ұлықтау рәсіміндегі сөйлеген сөзінде ауылды өркендету ісіне назар аударатындығын айтқан болатын. Сондықтан Мемлекет басшысының барлық жоспар-бағдарламалары өз мақсатына толық жетіп, ел игілігін көретін күн де алыс емес.

Жиын барысында аталған бастауыш партия ұйымының төрағасы Шынар Ақшонтаева Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құруға шақырды. Жиынға қатысушылар сұрақтар мен өз ойларын ортаға салып, еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстарды қолдайтындықтарын жеткізді.

5.jpg
 

Тағы да оқыңыз: