Kyzylorda-news.kz.  Қазақ ССР-нің халық артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, театрымыздың артисі Торғын Жылқышықызы Тасыбекова өмірден өтті.

Бойындағы нәзік лиризм, шынайы сахналық ойын, әуезді дауыс, әншілік әсем үн кескіндеген бейнелерін бірден ерекшелендіретін актриса- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында жүзден аса роль, сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдаған. Көп жылдар бойы Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясында актер шеберлігі мамандығынан дәріс беріп, шәкірттер даярлаған.

Өнерге арнаған жарты ғасырдан астан ғұмырында актрисаның Қазақ театр және кино өнерінде қалдырған ізі бөлек.

 

Тағы да оқыңыз: