Kyzylorda-news.kz  Ақжарма ауылдық №9 кітапханасы мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы «Әлем BOOK» жобасы аясында «Ескерткіштер ел тарихы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Шара барысында Көтібар мұнарасы жайлы мағлұмат берілді.

Ескерткіш – өткен тарихымыздың белгісі, келешегіміздің де көрінісі.Әрбір ескерткіштің – тарихи мағынасы зор Тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғаудың халықаралық күні Көтібар мұнарасы маңында «Ескерткіштер ел тарихы» атты танымдық сағаттың өткізілуінің болашақ ұрпақ үшін маңызы зор. Орта Азияның жазық даласындағы сирек кездесетін мұнаралы деп аталатын ескерткіштер Қазақстан бойынша Сыр өңірі аумағында көп шоғырланған. Қазіргі таңда Қызылорда облысының тарихи мәдени ескерткіштер тізімінде жалпы 20 мұнаралы ескерткіш есепке алынған. Олардың ішінде Арал ауданы бойынша Бегім ана мұнарасы және Қазалы ауданында Сараман Қоса мұнарасы сонымен қатар, Қызылорда қаласы территориясында Көтібар батыр мұнаралары республикалық маңызы бар ескерткіштер қатарына жатады. Мұнара шикі кірпіштен қаланған, ішінде айналып шығатын баспалдағы бар. Ірге тасының диаметрі 4 м, биіктігі 10 м. Көтібар мұнарасы жоғары қарай өтетін есіктері бар 4 қабаттан тұрады. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді. Ескерткішке қатысты материалдар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.

Шара соңында мұнара жанына тазалық жұмыстары жасалып,құран бағышталды. Оған мәдениет, кітапхана, ауыл әкімшілігі және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Тағы да оқыңыз: