Kyzylorda-news.kz Ақжарма ауылдық округінің әкімі Саттар Әбдіреев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
- Баймұрат батыр ауылының жаңадан қалыптасқан көшелеріне тас жол салуға қаржы қаралып, 19 көшеде тиісті жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Талдыарал елді мекенінің 1-ші көшесіне көше жарығы орнатылады. Мұнан бөлек, бірқатар жобаларды жүзеге асыруға бюджетке өтінім берілді. Олардың қатарында, су тарату насосы мен аяқ су жүйесінің құрылысы, 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жобалары бар. Ал, 10 көшеге ауыз су құбырын тартуға, жабық спорт кешенін салуға демеушілік негізінде жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, - деді ауылдық округ әкімі Саттар Бейбітұлы.
Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында жылыжай мен көлік жөндеу орталығы бойынша ұсынылған жобалар қаржыландырылды.
Баймұрат батыр ауылының жаңадан қалыптасқан көшелеріне тас жол салуға қаржы қаралып, 19 көшеде тиісті жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Талдыарал елді мекенінің 1-ші көшесіне көше жарығы орнатылады.
