Kyzylorda-news.kz  Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.

Қармақшы ауданы Ақжар ауылында да қызу тірлік бар. Бүгінде ауылдық округте жеке қожалық саны – 386. Ал халық саны – 1784, экономикалық белсенді халық саны – 1222-ті құрайды. Жалпы халық санының 68,4 пайызын құрайды. 

Ауыл орталығында әкімдік үйі, бір орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, типтік жобамен салынған балабақша, спорт мектебі, «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 15 шаруа қожалығы бар. Атап айтар болсақ, «Ақжар» шаруа қожалығы, «Шакизада» шаруа қожалығы, «Сағат» шаруа қожалығы, «Рахман» шаруа қожалығы, «Ықылас» шаруа қожалығы, «Тиштыбай» шаруа қожалығы, «Бағбан» шаруа қожалығы, «Өтеш» шаруа қожалығы, «Ақмырза» шаруа қожалығы, «Уалихан» шаруа қожалығы, «Талап» шаруа қожалығы, «Камаладин» шаруа қожалығы, «Сержан» шаруа қожалығы, «Еркін» шаруа қожалығы, «Әділет» шаруа қожалығы жұмыс бар. Сонымен қатар, пошта бөлімшесі, тірек пункті бар және 113 кәсіпкер ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп отырады. Ауылдан облыс орталығы Қызылорда қаласына 2 газел автокөлігі мен аудан орталығына жолаушылар көлігі қатынайды. 

Өткен жылы ауыл бойынша мал саны ірі қара – 3146 бас. Қой, ешкі – 6096 бас. Жылқы – 837 бас, құс – 3126 бас. Ауыл малдарын сырғалау және оларды базалық мәліметке ендіру жұмыстары уақытылы жүргізілуде. 

Биылғы жылға жеке ауыл тұрғындарының бақша өнімдерін 10 пайызға арттыру жоспары алға қойылды. Атап айтқанда, картоп – 10, бақша – 20, көкөніс – 5. Барлығы – 35 гектар құрайды, бақша егетіндер саны – 100. Оның ішінде агрозоналарда орналастырылған егіс көлемі – 56 гектар. Округ бойынша тұрғындардың бақша егуге белгіленген жерлері – Дөңбай, Әубәкір табан, Қарабөгет. 

Ауылдық округте өткен жылы 2 үлкен шаруашылық пен 3 шағын шаруа қожалықтары егін егумен тұрақты түрде айналысты. 

– Ауылдық округте тіркелген кәсіпкерлерлік субъектілер саны – 105 бірлікті құрайды. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъектілер саны – 97 бірлік. Кәсіпкерлік нысандар саны – 16 бірлік (оның ішінде 6-дүкен, 4-шаштараз, 1-дәнекерлеу цехы, 4-тігін шеберханасы, 1-нан өнімдері цехы) жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Ұлттық грант аясында 7 адам қатысып, оның 2-еуі грант иегері болды. Олар Қ.Жамаладинова тігін цехын ашуға, Қ.Тажиденов жылқы малын бағып бордақылауға қайтарымсыз қаражат алып, бүгінде кәсібін дөңгелентуде. Ал «Ауыл аманаты» 2,5 пайызбен 2 адам құжаттарын тапсырды. Ә.Төреханов мал азығын дайындау, жоңырышқа егу, Тажидинов Серікхан арнайы техника бойынша несие алды. Жастар 2,5 пайыздық несиеге Игенбаев Мақсат 5 млн мүйізді ірі қара малын көбейту мақсатында дайындап құжаттарын тапсырды. «Іскер» бағдарламасымен 3 азамат 6 пайызбен жылқы малын көбейтуге несие алды, соммасы 12,5 млн. Олар Әлиева София – 4 млн, Сарымсақов Дархан 3,5 млн, Әмірханов Рысбек 5 млн қаржы алып кәсібін дөңгелентуде. 

Ауылдық округте кәсіпкерлікті дамытуға қызығушылық танытушы ауыл азаматтарына мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, қаржылай қолдау ұйымдары арқылы жұмыстар жүргізіп келеді. Ауылдық округтен қызмет көрсету мақсатында өз қаражаты есебінен Жазира Әбдумәлік көлік жуу орталығын ашты. Кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштердің толық орындалуы бойынша өткен жылдың ІІ тоқсанында Қ.Жамаладинова 1 цех ашты, дейді Ақжар ауылдық округінің әкімі Нұржамал Бектаева. 

Ауылдық округте тұрмысы төмен отбасыларын қолдау, оларға көмек көрсету мақсатында 2023 жылдың ІІІ тоқсанында 1-азаматшаның отбасының жиынтық табысы есептеліп атаулы әлеуметтік көмек ағайындалды. Жаңа жұмыс орындары бойынша жыл қорытындысымен 118 адам жұмыспен қамтылды. Ұлттық жобаның орындалуы бойынша қоғамдық жұмыс – 47, алғашқы жұмыс орны – 2, әлеуметтік жұмыс – 3, Жастар тәжиірибесі – 8.
Ауыл орталығындағы мектеп ғимараты типтік жобада салынған, 640 орынға арналған. Ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жылу жүйесі автономды ,сұйық отынмен жылытылады. Оқу жылында жалпы оқушылар саны-340, оның ішінде 1 сыныпқа барған оқушылар саны-33, даярлық тобына – 31 оқушы. ҰБТ-ға 23 оқушы қатысады. 2022-2023 оқу жылында мектепті 13 оқушы бітіреді, ҰБТ қатысқандары – 9, жоғарғы оқу грантқа түскені – 6. Ауылдағы № 28 мектепте оқушылардың жазғы тынығу лагеріне баруын ұйымдастыру жұмысы; Тереңөзек «Жалын» лагеріне – 4 оқушы демалуда, демеушісі «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мемлекеттің қаржысы есебінен Алматы «Саяхат» лагеріне 3 оқушы, Жаңақорған «Тау самалы» лагеріне – 13 оқушы жіберілді. Сонымен қатар мектепте маусым айында 2 лег бойынша он күннен 1-4 сынып аралығында түске дейін лагерь ұйымдастырылды. 
Ауылдық округте меншік нысанына қарамастан мекемелердің және жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға көмек көрсету мақсатында 22 оқушыға 35,0 мың теңге көлемінде барлығы 796,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Оқу қоры есебінен қаржылай көмек алатын оқушылардың ата аналардың есеп шотына тиісті қаражаттың 20 тамызға дейін толық аударылуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округте қамтылған оқушы саны барлығы-131, уақытылы аударылғаны – 91 оқушы, қалған 40 оқушының қаржысы 15 қыркүйекке дейін аударылды.

Ауылдағы балабақша 90 орынға арналған. Мектепке дейінгі балалар саны-213, бала бақшаға баруға тиісті бүлдіршіндер саны – 100, оның ішінде бала бақшада 3 топта барығы 70  бала қамтылған. №7 «Шаттық» бала бақша ғимараты 1992 жылы пайдалануға берілген,типтік жобамен салынған екі қабатты, ауыз су жүйесі ғимататтың ішіне кіргізіліп,пайдалануға берілген. Балабақшада 29 қызметкер жұмыс атқарады, педагогикалық қызметкерлер саны-10, техникалық қызметкерлер саны – 19. Балабақша ғимараты сұйық отынмен 2 бу қазандықтары арқылы жылытылады. Балабақшадағы бүлдіршіндердің ойлау қабілетін дамыту мақсатында және бала тәрбиесінің ертеңгі алатын орны болашағы жөнінде көптеген шаралар өткізілді. 
Ауылдағы мәдениет саласына келер болсақ, ауылдық клуб 2014 жылы пайдалануға берілген. Клуб үйінде 14 қызметкер жұмыс жасайды. Клуб үйінің жанында Рүстембек жырау мектебі, ән, жыр, би үйірмелері, сонымен қатар әжелер ансамбілі жұмыс жасайды. 2023 жылы  52 мәдени іс-шара, оның ішінде онлайн форматта өткізілгені – 3, 6040 көрермен тартылған. Қаралым саны – 1020 Қармақшы ауданының құрылғанына 95 жыл толу аясында өткізілген мәдени шара – 6. Аталған мәдени шара аясында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының нарықтық экономияға негізделген жаңашыл технологияларын өз ауылына тұңғыш енгізген жаңашыл, ізденгіш, талантты, білімді-білікті қайраткер басшы Жарылқасын Мұңайтпасұлының жарқын істерін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырып, жақсылық пен рухани патриоттықты бойларына сіңіру мақсатында Жарылқасын Байсаловтың 80 жылдығына орай ас берілді, облыстық жазба ақындар мүшайрасы және ақындар айтысы, спорттық жарыстар өткізілді. Жыл қорытындысымен еңбеккерлер мараппатталып, соңы Қызылорда облыстық филормониясы әншілерінің қатысуымен гала концертке ұласты. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Дана ене,дана келін» атты ене мен келін арасындағы тәрбиелік маңызы бар байқау өткізілді. Әйелдер мерекесіне ауылдығы 2 шаруашылықтың (Ораз ахун ЛТД жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Ақжар шаруа қожалығы) демеушілігімен 130 зейнеткер аналарға құрмет көрсетіліп сыйлықтар табысталды. 22 наурыз мерекесінде шатыр орналастырып, шаруашылықтың көмегімен наурыз көже таратылды. Ауыл тұрғындарына мекемелердің ұйымдастыруымен наурыз көже, бауырсақ ұсынылды, ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасы, спорттық ойындар ұйымдастырылды. 1 маусым Балаларды қорғау күні «Ақжар» шаруа қожалығының ұйымдастыруымен клуб үйіндегі барлық бүлдіршіндерге балмұздақ таратып, театырландырылған көрініс көрсетті, соңы ауылдың балалардан құралған өнерпаздарының ән, биіне ұласты.
Дене шынықтыру және спорт саласы: ІІІ Интернационал балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Ақжар ауылындағы филиалында спорттың қазақ күресі, дзюдо, самбо түрінен мектептің 75 баласы тұрақты түрде айналысып келеді. 

2023 жылы Мұханбетқали Ерасыл Семей қаласында өткен қазақ күресінен Қазақстан біріншілігінде ІІІ орын, облыс біріншілігінде І орын,«Самбо» күресінің Қазақстан біріншілігінен іріктеу жарысында І орын алып,Тараз қалаында өтетін Қазақстан біріншілігіне жолдама алды  Балабеков Нұрдаулет Семей қаласында өткен  қазақ күресінен  Қазақстан біріншілігінде 5 орын, облыс біріншілігінде ІІ орын, Ақылбек Саят облыс біріншілігінде «Самбо» күресінен ІІІ орын, облыс біріншілігінде қазақ күресінен ІІІ орын алды. Жоғарыдағы спортқа қатысушылардың үшеуі де «Спорт шеберлігіне үміткер» деген атаққа иеленді.

Денсаулық саласына келсек, дәрігерлік амбулатория ғимараты 2010 жылы мемлекеттің ғимараттын сатып алу әдісімен ауыл орталығындағы салынған тұрғын үйді алып, ішін амбулаторияның қажеттілігіне сәйкестендіріп, пайдалануға берілген. Ақжар ауылы, МТС көшесінің бойынан, амбулатория ғимаратына қызмет көрсету үшін, жалпы көлемі 3000,0 шаршы метр жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы табысталды. Дәрігерлік амбулаторияға ғимарат салу жұмыстары аяқталды. (Мердігер «Бақ Береке» құрылыс компаниясы. Құны – 361 млн теңге). Дәрігерлік амбулаторияда 16 адам жұмыс атқарады оның ішінде медицина қызметкерлері 12. Амбулатория 40 келушіге арналған, 5 төсектік күндізгі стационар қызмет көрсетеді. 
2023 жыл амбулаторияға 5242 науқас көрінген, флюорографиялық тексеруден өткен адам саны – 830. Дүниеге келген бала саны – 32. Қайтыс болғандар – 6 адам.

Ауылдық округтегі пошта қызметі әкімшілік ғимаратында орналасқан.2023 І жартыжылдығына ауылдық округтегі меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердегі қызметші жұмысшылар белсенділік танытып, баспасөзге жазылды. Ауыл бойынша газет-журнал пошта арқылы және Қармақшы таңы редакциясы арқылы арнайы маман таратады. Ауыл тұрғындарында Казтелеком арқылы 50 байланыс телефоны орнатылған,барлығы интернет  интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар байланыс желісін ұлғайтуға байланысты «Транстелеком» арқылы 105 отбасыға интернет байланысы құрылған. Интернет желісі ауыл тұрғындарының 70 пайызын қамтиды. Ауыл тұрғындары бойынша «Отау ТВ» спутник антеннасы 292 үйге құрылған.
Ауылдық округте 2009 жылы ауыл орталығына жалпы ұзындығы 11045 метр су құбыры, сонымен бірге су тарату станциясы, су көтеру башнясы, су тарату станциясының іші толылығымен тазартылып, су жолдары, су жинау ыдысы (водоем) іші тазартылып, залалсыздандырылып тұрады. Қармақшы ауданы оқшау су жүйелерін жабдықтаушы өндірістік бөлімшесіне қарасты ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінде 2017 жылдың тамыз айынан бастап барлығы – 6 адам жұмыс атқарып келеді. Ауыз су ауыл тұрғындарына  378 үйге, 8 мекемеге кіргізіліп, су есептегіш қондырғысы орнатылған. Ауыз су құбырының су айдайтын екінші ұңғымасы  2016 жылы жаңадан салынып іске қосылды, бірақ ауылдың ішіне жүргізілген су құбырларының шіріп тозуына байланысты жиі – жиі бұзылады, соны ауыстыруға (задвижка ᴓ100,150-лік) қажет. Ауылдық округте электр жарығы сөнген кезде су айдауға дизель отынды тоқ шығаратын 380В генератор керек.

Көркейту-көгалдандыру жұмысына келсек, аудан әкімінің көктемгі және күзгі мезгілде барлық елді мекендерде көркейту-көгалдандыру мен санитарлық тазалықты жыл бойы жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес, ауыл әкімінің өкіміне сәйкес,меншік нысанына қарамастан барлық мекемелерге ескертпе хаттар берілді, тазалық жұмыстары жыл көлемінде тұрақты жүргізіледі. Барлық мекемелерде әктеу, сырлау, аяқсу арықтарын тазалау, ағаш көшеттерін егу және балақтау жұмыстары жүргізілді. Әр апта сайын көшелердегі жиналған қалдықтар шаруашылықтардың техникасы көмегімен тиісті орынға шығарылады. Ауылдық полиция қызметкері, қоғамдастық мүшелері мен бірлесе отырып ауыл тұрғындарына қыстан шыққан күл қоқыстармен тұрмыстық қалдықтарды тиісті орынға апару жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізілді.

Құрылыс, жөндеу және абаттандыру жұмыстарына қарай ойыссақ, Ақжар ауылы, МТС көшесінің бойынан, амбулатория ғимаратына қызмет көрсету үшін, жалпы көлемі 3000,0 шаршы метр жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы табысталып, қазіргі таңда жаңадан Дәрігерлік амбулаторияға ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. 

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жамбыл Жабаев көшесіне жол жөндеу жұмыстары осы жылдың маусым айында жүргізіліп асфалттанды. Жамбыл Жабаев көшесінің жөндеу жұмыстары ТОО «Орда Автодор» мердігерге бір көзден берілді. Қаралған қаржысы –19 583,0 мың теңге. Ә.Бөлегенов көшесінің бойында орналасқан құны 12841,0 мың теңге құрайтын балалар ойын және спорт алаңы пайдалануға берілді. Сондай-ақ 3 көшеге (Ш.Уәлиханов, Жиенбаев, Сейфуллин) ПСД жасалынды құны – 196,0 миллион теңге. Абай Құнанбаев көшесінің құрлысына 2987,7 мың теңгеге жобалау сметалық құжаты дайындалып, қазіргі таңда жұмысын бастау үшін аудандық бюджеттен 10 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталында жеңімпазды анықтау мақсатында рейтингтік баллдық жүйе әдісімен конкурс жарияланды.

Ауылды абаттандыру мақсатында ауыл паспортын (төлқұжатын) жасату жұмысына жобалау сметалық құжаты дайындалды, бұл жұмыстың құны 11652,4 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар 3 көшеге (Ш.Уәлиханов, Жиенбаев, Сейфуллин) ПСД жасалынды құны-196,0 миллион теңге. Мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық тәртібін нығайту және қылмысқа қарсы күрес бойынша ауыл аймағында тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртібін бақылауға, қылмыстың алдын-алу мен бұзақылықты болдырмаудың шараларын жүргізу үшін аймақтық полиция жұмыс жүргізеді, ауылда тұрады. Әкімшілік ғимаратынан арнайы бөлме берілген. Ауыл әкіміне қарасты барлық мекеме қызметкерлерімен бірлесе отырып жасақшылар кезекшілікке шығарылады. Аймақтық полиция инспекторы мектеп ұжымымен және мектепте жастары арасында нашақорлықты болдырмау мақсатында құрылған наркопост мүшелерімен тығыз байланыста. Ауылдық округте саяси хал ахуал тұрақты.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс Ақжар ауылында «Ардагерлер  кеңесі», «Әйелдер кеңесі» жұмыс жасайды. Үкіметтік емес ұйымдар ауылдық округтегі түрлі шараларға, қамқорлық акцияларға қатысып белсене араласады.Ауылдық округте «Батыр ана» иегері – 4, «Алтын алқа» иегері – 27,«Күміс алқа» иегері – 31 бар.Ақжар ауылдық округінде 2015 жылдан бастап «Ақжар» мешіті жұмыс жасайды, мешіт имамы ауыл тұрғыны С.Бәйішов. Ауылдық мешітте тұрмысы төмен аз қамтылған отбастарына және көп баллалы аналарға  қайырымдылық шарасы жүргізіліп келеді. 

Ауыл тұрғыны Сайлаубековтер отбасы 7 отбасына әр отбасыға 30,0 мың теңге келемінде барлығы – 210,0 теңгеге азық-түлік себеті тапсырылды. 1974 жылы туған. ауыл азаматтары да 7 отбасыға 10,0 теңге көлемінде барлығы – 70,0 теңгеге азық-түлік берілді. «Құрбан айт» күні мерекесінде 12 көпбалалы, жалғыз басты, тұрмысы төмен отбасыға шалынған малдың етінен берілді. Кәсіби әкімдік: Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратында 5 мемлекеттік қызметкер, 7 келісім-шарт негізінде барлығы 12 адам жұмыс атқарады. Ауыл әкімінің 68 өкімі және 10 шешімі қабылданды. 2023 жылы ауыл әкімі аппаратынан жоғары органдар мен мекемелерден 521 қатынастар келіп түскен. Ауылдық округтен жоғары органдарға немесе басқа да мекемелерге барлығы 454 қатынас жауап түрінде немесе ұсыныс, сұраныс ретінде жолданған. Ауыл әкімдігіне заңды тұлғадан 2 өтініш түскен шешімін тапқан. Ауыл әкімінің жеке қабылдауында 8 адам болып, өз түсіндірме жауаптарын алған. Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі – 6, нысаналы мақсатын өзгерту мақсатында көрсетілген қызмет түрі –1.

Ауылдық округ бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 115606,2 мың теңге, орындалуы 115601,2 мың теңге 100 пайыз. Ауылдық округ әкімі, әкім аппараты өз қызметін ауыл тұрғындарымен, ауыл ақсақалдарымен, ауыл активтерімен, әйелдер кеңесі, жастар қоғамдық бірлестігімен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізіп келеді және алдағы уақытта да Үкіметтің бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқара бермек. 
 

Тағы да оқыңыз: