Фото: alash24.kz

Kyzylorda-news.kz.  Танымал ақын Қалқаман Сарин лауазымды қызметке тағайындалды. Қуанышты хабарды ақын Серікзат Дүйсенғазин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді , - деп хабарлады СмартНьюс.

 Ағайын, бүгін Қалқаман Сарин досым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Абыройлы қызмет болсын деп тілеймін! – деп жазды Дүйсенғазин.

 Қалқаман Сарин – елімізге белгілі ақын. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Талай телеарнада түрлі бағдарламалардың жүргізушісі болған. Ал кейінгі жылдары «Шалқар» ұлттық радиосының директоры (2018-2019 ж.ж.) қызметін атқарса, сонан соң Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы болды (2019-2023 ж.ж.).

 

Тағы да оқыңыз: