Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданына қарасты ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетовтың есімімен аталатын ауыл бар. Сатира сардарының құрметіне қойылған ауылдың халқы көбіне ауыл шаруашылығы саласына ден қойған. Ауданнның экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар аталған ауылда да, жалғасын табуда. Аядай ғана ауылда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Кәсіп саласына көңіл бөлініп, көпшілік кәсібін дөңгелетуде. Өз кезегінде ауылдың тұрмыс-тіршілігін зерделеу мақсатында Асқар Тоқмағамбетов ауылының әкімі Ғабдолла Алданазаровпен сұхбаттасқан едік.
– Ғабдолла Рүстембекұлы Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округі жөнінде кеңінен ақпарат берсеңіз.
– Қазіргі таңда, Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі бойынша 289 отбасында 1565 халық тұрады. Оның ішінде: экономикалық белсенді халық саны 700 адамды құрайды. Асқар Тоқмағанбетов ауылында орта мектеп, балабақша, емхана, ауылдық клуб, кітапхана және қазпошта, ветстанса бөлімшелері халыққа қызмет көрсетеді. Ауылда 6 тыл ардагері, 166 зейнеткер, 65 мүмкіндігі шектеулі азамат, 19 «Алтын алқа» және 21 «Күміс алқа» иелері бар. Жалпы 2022 жылы Е-лицензия порталы бойынша 19 өтініш тіркеліп, толығымен орындалды. Е-өтініш порталы бойынша 4 өтініш түсіп, заң талаптарына сәйкес толық орындалды. Ауылдық округі әкімі аппаратында жыл басынан бері 33 шешім, 100 өкім шығарылды. 109 нотариаттық іс жасалып, қаржысы жергілікті бюджетке өткізілді. Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппаратының 2022 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 76 318 000 теңге болып бекітілді. Түзетілген бюджеті 74 969,1 теңгені құрап, қаржы толығымен 100 пайызға игерілді. 2022 жылы жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 100,1 теңгеге орындалып, 100 пайызға, жер салығы 19500 теңге болып 100 пайызға, жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 2 594,9 теңгеге орындалып, 101,1 пайызға, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 54000 теңгеге орындалып, 100 пайызға, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем 3700 теңгеге орындалып, 100 пайызға, бірыңғай жер салығы 41100 теңге болып, 100,4 пайызға орындалды. Нақты 12 айда жиналғаны 2813,3 теңгеге болып, 101,0 пайызға орындалып отыр.
– Ауыл шаруашылығы саласында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Ауылдық округ бойынша 2022 жылы 3263 бас ірі қара, 1110 бас уақ мал, 1345 бас жылқы, 121 бас түйе және 944 бас құс тіркелді. Сонымен қатар, 2022 жылы ауылдық округі бойынша 1 ЖШС мен 7 шаруа қожалығы, барлығы 1025 га күріш, 79 га жаңа жоңышқа, 293 га ескі жоңышқа, 8 га қауын-қарбыз, 14 га картоп және 4 га көкөніс егіліп, ауданның орта көрсеткіші деңгейінде өнім алынды. Сонымен қатар ветеринария саласы бойынша аз-кем мәліметке тоқталып кетейін. Ауылда 1293 бас мүйізді ірі қара, 297 бас уақ мал, 364 бас жылқы таңбаланып, бірдейлендірілді. Бруцеллез ауруына 4002 бас мүйізді ірі қара, 660 бас уақ мал тексерілді. Сібір жарасына қарсы екпе 2900 бас мүйізді ірі қара, 500 бас уақ мал, 850 бас жылқы, 50 бас түйе егілді.
– Әлеуметттік салалалардың негізгі басымдықтарына тоқталып өтсеңіз.
– Бүгінде №135 Асқар Тоқмағамбетов атындағы орта мектепте 276 оқушы білім алуда. 19 оқушы мектеп алды даярлық тобында білім алуда. 56 мұғалім бар. Оның ішінде, 53-і жоғары білімді, 3-і арнаулы орта білімді. Жаңа біліктілік санаты бойынша педагог-зерттеуші – 5, педагог-сарапшы – 15, педагог-модератор – 11. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Мектептегі 56 мұғалімнің 51-і жаңартылған білім мазмұны аясында біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Ал, «Балауса» бөбекжай балабақшасында 2021-2022 оқу жылының басында тізім бойынша 3 топта 75 бала болды. Бөбекжай балабақшасында жалпы 27 адам қызмет етеді. Оның ішінде 11 педагог кадр бар. 2022 жылы емханада 1762 адам дәрігердің қабылдауында болып, шақырту бойынша 310 адам үйден қаралып, белсенді түрде ем алса, профилактикалық байқаудан 404 ауыл тұрғындары өткізілді. Ауыл бойынша 2022 жылы туылған бала саны – 29, қайтыс болғандар саны – 9 адам. 1 жасқа дейінгі бала өлімі тіркелген жоқ. Диспансерлік есепте тұратын науқастарға тиісті көмектер көрсетілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Асқар Тоқмағанбетов дәрігерлік амбулаториясы 1994 жылы салынған. Дәрігерлік амбулаторияға 2010 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сол жылдан бері жөндеу көрмеген. Іші өте салқын. Жылу жүйесі сын көтермейді. Көптен бері ауылдық емхана ауыл тұрғындарының, емхана қызметкерлерінің айтылып келе жатқан күрделі мәселесінің бірі болатын. Аудан әкімінің қолдауымен биыл 2023 жылдың сәуір айында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарын «Ахат-ГС» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Директоры Кинибаев Нұржан күрделі жөндеу жұмыстарын келісім шарт талаптарына сәйкес, 3 ай көлемінде бітіретінін жеткізді. Күрделі жөндеу жұмыстарына терезе алмастыру, шатырды толықтай алмастыру, ішкі-сыртқы қабырғаларын түсіріп қайта қалыпқа келтіру, еденді толықтай алмастыру жұмыстарын жүргізілетінін жеткізді. Қазіргі кезде емханының ішкі сылақтарын түсіру жұмыстары жүргізуде. Ауылдық клубта 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 50 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 4150 көрермен қамтылды. 2022 жыл Балалар жылына орай балаларға арналған іс-шара саны 53-і құрады. Ауылдық клуб жанынан құрылған 6 үйірме , «Ән», «Би» «Көркемсөз» «Домбыра», «Асыл Ана» әжелер ансамблі және «Қолөнер» үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірмеге 76 адам тартылған. Ауыл өнерпаздары 2022 жылдың 12 айында, барлығы: 44 байқауға қатысып, нәтижесінде 10 – бас жүлде, 18 – І орын, 7 – ІІ орын, 5 – ІІІ орын, 17 – Алғыс хатпен марапатталып, 4 жолдама алды. Ақылы қызметтің жылдық жоспары 428 мың теңгеге бекітіліп, 100 пайызға орындалды. Асқар Тоқмағамбетов модельді ауылдық кітапханасында 8 орындық оқу залы, 26791 кітап қоры бар. Кітапхананың оқырман саны – 795. 2022 жылы берілген кітап саны –15864, келушілер саны – 9632, жаңа түскен әдебиеттер саны – 217. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі басты назарымызда. Ауылдық округ бойынша 2022 жылы 700 экономикалық белсенді халық тіркелген. Жұмыссыздар саны – 34 (5,2%), өзін-өзі өнімді жұмыспен қамтығандар – 88. Жұмыспен қамтылғандар – 448, әскер қатарындағылар 4, студенттер 92, зейнеткерлер 166, мүгедектер 65, алғашқы жұмыс орны – 2, күміс жас – 5, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 6, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен отырғандар саны – 41. Тұрақты жұмысқа орналасқандар – 24. Жастар практикасына 10 адам тартылды. 2022 жылы 26 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алатын 5 отбасы құжаттарын өткізіп, қаржыландырылды. 2022 жылы кәсіпкерлер мен ауыл мекемелері ұжымдарының демеушілігімен 278 адамға, 2 540 000 теңгенің киім-кешегі мен азық-түлігі, ауыл шаруашылық өнімдері берілді. Елді мекеннің санитариялық тазалық жұмыстары және көркейту көгалдандыру бойынша ауылдың ішкі аяқсу каналдары мен көшелері толығымен тазаланып, ауылішілік көшелердегі талдарды кесіп, өңдеп, әктеу жұмыстары жасалды. Елді мекенде көше тазалығы және Қызылорда-Тереңөзек тас жолының ауылдық округке қарасты бөлігі аптасына бір рет тазартылып тұрады. Жасыл белдеуге байланысты ауылдың кіре берісіне 600 шақырым жаңадан жер ашылып, қоршалып, 550 түп ағаш көшеттері егіліп, күтімге алынды.
– Кәсіпкерлік саласы бойынша ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстар көп шығар.
Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, Асқар Тоқмағанбетов ауылы бойынша 2022 жылы 227 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 214. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 94,2 пайызды құрады. Жеке кәсіпкер – 86, шаруа қожалығы – 135, ЖШС – 6. Олардың мал шаруашылығымен – 158, егін шаруашылығымен – 21, басқалары сан түрлі кәсіппен айналысады. Кәсіпкерлік саласы бойынша бірнеше жоба қолға алынды. Мәселен, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 1 225 200 теңге бойынша бірнеше кәсіп ашты. Арнайы жобалар шеңберінде шаруа қожалықтар несие алып, техника алды.
– Биыл Асқар Тоқмағамбетов ауылында ерекше жобалар жүзеге асырыла ма?
– Ауылымызда бірнеше жоба қолға алынбақ. С.Ысқақов көшесінің қалған бөлігіне көше жарығын орнату, балалар ойын алаңын салу, ауыл әкімшілігін жөндеу, Жасыл белдеуге байланысты ауылдың кіре берісін тікенек сыммен қоршау, Ш.Мұнарбаев, Е.Боранбаев көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Айжанкеткен каналы бойындағы ағаштарға 6,0 га жерге қоршау орнату, Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жою обьектісін салу, жастар бригадасын құру, Қашқынбаев көшесіне жарық орнату жұмысы жасалады деп күтілуде. Бюджеттен қаржы бөлінген жағдай арнайы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
