Kyzylorda-news.kz Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.

Оқиға бүгін Самара – Шымкент тасжолында болды. Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен ГАЗель автокөлігінің 10 жолаушысы көз жұмды. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ГАЗель аудан мен облыс орталығы арасында жолаушылар тасымалдаған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД ресми парақшасы.

Қазір жедел тергеп-тексеру үшін тергеу тобы құрылды. 

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: