Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей шекарасынан өтпек болғанда балаларға шабуыл жасады деген күдікпен жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаменті

Оқиға 6 шілдеде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімнің балалардың жанына келіп, бұрыш баллонын сепкенін көруге болады. 

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтөбе облысының полицейлері шекарадан өтпек болған күдікті жасөспірімді ұстады", – делінген хабарламада. 

Полиция мәліметінше жасөспірімді бұзақылық дерегі бойынша іздестірген. 

Тағы да оқыңыз: