maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz  Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 11 сәуірде соңғы 80 жылдағы ауқымды су тасқынына қатысты видео үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің видео үндеуін Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайынан сіздерді хабардар ету мақсатында бейнежазбамды жариялап отырмын. Өңірде ахуал тұрақты. Қауіп сейілді. Бірте-бірте бұрынғы қалыпты өмірімізге оралып жатырмыз. Тек қана Ырғыз ауданы - тәуекел аймағында. Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар департаменті Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Нұра және Мамыр ауылдарында бөгеттерді нығайту үшін қосымша техникалар жұмылдырдық. Тұрғындарды да қауіпсіз жерге көшірілуде", - деді Асхат Шахаров.

Сурет: Facebook/Askhat Shakharov

Тағы да оқыңыз: