Kyzylorda-news.kz Ақтаулықтар қалалық қан орталығында ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыра бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда мамандар әлі де қан көп керек екенін айтуда. Сондықтан дәрігерлер қан тапсыра алатын адамдарды Ақтау қаласы, 34а мекенжайы бойынша орналасқан Қан орталығына келуге шақырды.

Қан тапсырар алдында майлы тамақ жеуге, кофе ішуге болмайды.

Айта кетейік, Ақтау маңында әзербайжандық компанияға тиесілі ұшақ апат болды. Көлік министрлігінің мәліметінше, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

Тірі қалған 29 жолаушының тізімі шықты. 

Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі

Тағы да оқыңыз: