Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің халық саны 10030 адамды құрайды. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 4007 адам. Жұмыссыздық бойынша барлығы 24 адам тіркелген, яғни жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрайды. Ал жұмыспен қамтылғандар саны - 3314. Сонымен қатар ауылдық округте 669 тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтып отырса, зейнеткерлер саны 715 адамды құрайды. Халық саны өткен жылмен салыстырғанда 13,8 пайыздық өсімді құрап отыр.
Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жасап жатқан қолдауының арқасында, бүгінгі күнге ауылда барлығы 465 кәсіпкерлік субъекті тіркелген. 2023 жылдың қаңтар, ақпан айларында 82 кәсіпкерлік субьект тіркеліп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Жыл басынан бері «Ұлттық жоба» аясында 26,4 миллион теңгені құрайтын 5 жоба қаржыландырылды.
Ал 2022 жылы 99 кәсіпкерлік субьект тіркеліп,жаңа жұмыс орындары ашылып, 160,0 миллион теңгені құрайтын 18 жоба қаржыландырылса, оның ішінде «Ұлттық жоба» аясында 63,3 миллион теңгені құрайтын 5 жоба қолдау тапқан. Сонымен қатар қайтарымсыз грант қаражаты есебінен 2,0 миллион теңге болатын 1 жоба, «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде 29,4 миллион теңгені құрайтын 24 адам грант алған.
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту аясында жыл басынан бері тұрақты жұмысқа 23 адам орналасып, ақылы қоғамдық жұмысқа 28 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 8 жас қамтылған. Өткен жылы тұрақты жұмысқа 101 адам орналасып, ақылы қоғамдық жұмысқа 28 адам, кәсіби оқу және қайта даярлауға курсына 2 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 16 жас, «Күміс жас» бағдарламасы аясында 1 адам қамтылған.
Сонымен қатар, «КазАгроМир» ЖШС-нің автоматтандырылған өндірістік жылыжай кешенінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, қияр, қызанақ егіп, жергілікті нарыққа ұсынуда. «Бір ауылға – бір жылыжай» жобасы аясында, жеке кәсіпкер «Шапағат» - Нұрмағамбет Бауыржанның өз қаражаты есебінен салған жылыжайын кеңейту мақсатында «Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 7 миллион теңге несие алып, жұмыс істеуде.
Өз қаражаты есебінен кәсібін дөңгелетіп отырған «NP-Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысшыларға арналған каска өнімі мен 19 литрлік ауыз су ыдысына арналған қақпақша шығаратын шағын цехы тапсырыс бойынша күніне 400 дана каска өнімі және 5000 дана болатын 19 литрлік ауыз су ыдысына арналған қақпақша жасап, 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.
Жыл басынан бері әлеуметтік аз қамтылған 54 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін 6 балаға үйден тұрақты қызмет көрсетілуде. Ал 2022 жылы 145 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен аз қамтылған және көп балалы 12 отбасына азық-түлікпен қаржылай көмек көрсетілсе, 20 отбасына көмір түсіріліп берілген.
Сонымен қатар, 2022-2023 жаңа оқу жылына жалпыға міндетті оқу қоры есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 368 оқушыға қаржылай көмек көрсетіліп, ыстық тамақпен қамтылса, ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен «Мектепке жол» акциясы аясында 450 мың теңге көлеміндегі қаражатқа 124 балаға мектеп формасымен оқу құралдары берілді.
Ауылдық округте 2 мемлекеттік және 1 жеке мектепте барлығы 2149 оқушы, мектепалды даярлық тобында 106 бала екі ауысымда білім алуда. Мектепке дейінгі білім беретін 2 мемлекеттік және 5 жеке балабақшада 555 бала қамтылып тәрбиеленуде. Ал ауылдағы мәдениет үйінде 6 үйірме жұмыс істейді. Мұнда жыл басынан бері бекітілген жоспарға сәйкес 12 мәдени-көпшілік және мерекелік шаралар өткізіліп келеді.
Ауылдық округте бұқаралық спортты дамыту мақсатында, 3 спорт ойын алаңдары, көше тренажеры және мектептерде спорттық үйірмелер халыққа қызмет етеді. «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қоры ауыл орталығынан 239 миллион теңгеге 720 шаршы метр болатын спорт кешенінің құрылысын жүргізуде. Спорт кешенін 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, «Балалар жылы» аясында демеушілердің қаражаты есебінен ауылдық округтен екі спорттық ойын алаңдары құрылысын жүргізу жоспарланып, ауданы «20х40» болатын кіші футбол алаңы мен тренажерлық құрылғылары орнатылып, 1 спорт ойын алаңы пайдалануға берілсе, екіншісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ақсуат ауылдық округінің жалпы жер көлемі 21 231 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскесінің көлемі 13751 гектар.
Ауылдық округте 3 ауылшарушылығы кооперативі, 58 шаруа қожалығы, 11 заңды тұлға мен ЖШС, 393 жеке кәсіпкер тіркелген.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 2356 бас мүйізді ірі қара, 1455 бас жылқы, 16 бас түйе мен 2888 бас уақ малы сырғаланып, компьютерлік дерек базасына тіркелсе, 2 шаруа қожалық 27 гектар жерге күріш, 2 шаруа қожалық 60 гектар жерге бидай, 5 шаруа қожалық 315 гектарға жоңышқа егіп, 99,3 тонна күріш, 60 тонна бидай өнімі алынған.
Қалалық жер қатынастары бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің талаптарына сәйкес, ауылшаруашылық жерлерін мақсатына сай пайдаланбай отырған 3242,2 гектарды құрайтын 27 жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Ең өзекті мәселенің бірі - ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету. Осы мақсатта, 2022 жылға 4 миллиард 403 миллион теңге қаржы бөлініп, 16,5 шақырым болатын жоғары қысымды, 9,6 шақырым болатын орта қысымды газ құбыры мен автоматты газ тарату станциясына кеңейту жұмыстары, 123 шақырым болатын төменгі қысымды газ құбырын тарту жұмыстарымен, үйлерге түтік шығару құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда газ құбырларына газ жіберу мақсатында тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны - 4 миллиард 775 миллион теңгені құрап отыр.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 3 миллион 724 мың теңгеге ауылдағы №5 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауылдық округтегі аяқ сумен қамтылмай қалған жаңадан қоныстанушы тұрғындарды маусымдық аяқ сумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен қаралған қаржыға Т.Бекмұратов және Сарыкөл көшесі бойынан су ұңғымасы орнатылып пайдалануға берілді. Ал қалалық бюджеттен бөлінген 2149,5 мың теңгеге түнгі жарық бағаналары орнатылған.
Биыл «Ауыл -ел бесігі» жобасы аясында 79 миллион 941 мың теңгеге 2,9 шақырым болатын Ә.Құдабаев, Ш.Беркінов, №17 көшелерін орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу Заңдылығына сәйкес қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары сәуір айында басталу жоспарлануда.
Одан бөлек 10 миллион 470 мың теңгеге 1,68 шақырым 2 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстарын жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу Заңдылығына сәйкес конкурс жүргізілуде.
Ал 5 миллион теңгеге ұзындығы 7,47 шақырым болатын 6 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге және 5 миллион 498 мың теңгеге 10 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату мақсатында жоба сметалық құжаттары әзірленуде
«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 656 миллион 625 мың теңгеге М.Тоқтамысұлы, Қ.Иманбердиев, Орманбаевтар, О.Жакенов көшесінің бас жағы, Х.Манабаев көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім ұсынылып, қазіргі таңда 350 миллион 962 мың теңгесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен қолдау тауып отыр.
Ал 68 миллион 376 мың теңгеге Ә.Құдабаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім ұсынылып, қазіргі таңда 61 миллион 538 мың теңгесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен қолдау тапты.
Ақсуат ауылдық округіндегі 32 көшені электр желілерімен қамту мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген 4 миллион 849 мың теңгеге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, 1 миллиард 65 млн. теңгеге республикалық бюджетке өтінім ұсынылған.
