«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы аудан әкімі Берік Сәрменбаевпен  бірге  «Руханият» орталығына барып, қоғамда қызу талқыланып жатқан Конституциялық реформалар жөнінде  ақсақалдар кеңесі мүшелерінің пікірлерін тыңдады.

Кездесуде аудан басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды.

"Бүгінде жаңа Ата Заң жобасы халыққа ұсынылды. Бұрын адам құқықтары мен бостандықтары қорғалуы тиіс деп жазылған болса, қазір «Мүлтіксіз» қорғалуы тиіс деп, осы арқылы Конституцияның тікелей адамдарға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына бет бұрғаны көрсетілді. Өмір сүру құқығы бар деген норма болған. Қазір өмір сүру құқығы абсалютті және ажырамайды дегенді нақтылап көрсеткен. Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша да негізгі принциптер жазылған", – деді Берік Сәрменбаев.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы реформалардың түпкі мәні Тәуелсіздігімізді нығайту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру арқылы Әділетті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру екенін айтты.

Кездесу барысында Ақсақалдар кеңесінің мүшелері де өз пікірлерін білдіріп, ұсынылып отырған Конституциялық өзгерістердің ел болашағы үшін үлкен мәнге ие екенін жеткізді. Реформалардың қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, билік пен халық арасындағы сенімді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: