Kyzylorda-news.kz   Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері еліміздегі су басқан аймақтарда қол ұшын созып, қайырымдылық көмек көрсетуде белсенділік танытып жатыр.

«Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесі төрағасының бастамасымен барлық аймақтардағы кеңестің төрағалары жиналып, су тасқынынан зардап шеккен жандарға қаржылай қолдау білдірді.
Қызылорда облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрмұрат Ерманов та қаржылай көмек көрсетіп, отандастарды бірлікке, барынша көмек қолын созуға шақырды.

− Еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Бұл сол он өңірге ғана емес, барша қазақ халқының басына келген қайғы деп білемін. Мұндай сын сағатта керегі еліміздің бірлігі. Өйткені, өзара көмек, жәрдем, ынтымақтастық бізді біртұтас халық етеді. Жұдырық болып жұмылғанның арқасында бұл қиындықты да артта қалдырамыз. Осы ретте бұл апатқа бейжай қарамай, үлесімізді қосу − азаматтық парызымыз. Сондай-ақ, үйлерін су басқан барша ағайынға сабыр тілеймін. Еліміз осы бірлігінен айырылмаса кез келген қауіпті жеңіп шығарымыз сөзсіз. Елімізде табиғат апаты болмасын,− деді.
 

Тағы да оқыңыз: