Kyzylorda-news.kz Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа облыстық, қалалық және аудандық Ақсақалдар кеңестерінің мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Қызылорда облысының тұрғылықты жерлері мен әлеуметтік нысандарының инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілу және Қызылорда қаласы, Белкөл зиратының жағдайы (мемлекеттік сатып алу заңдылықтары, тазалығы, қоршалуы, мәйіттің жерленуі және т.с.с.) мәселелері қаралды.

Аталған мәселелер бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері қатысып, атқарылған жұмыстары жөнінде кеңеске ақпараттарын берді.

Кеңес мүшелері өз тараптарынан мемлекеттік қызметкерлерге сұрақтарын қойып, мәселелердің оңтайлы шешімдерін табуға ұсыныстарын айтты.

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Тағы да оқыңыз: