Kyzylorda-news.kz Биылғы жылдың қыркүйек айында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі «Бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалау қатерінен қорғау» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді. Жиын барысында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен кәсіпкерлер палатасының басшылары атқарып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Сұрақтар мен пікірталасқа ұласқан отырыс барысында кеңес мүшелері аймақтағы тұрмысы төмен, асыраушысынан айырылған, үй жағдайында кәсіппен айналысып отырған азаматтарға салық мөлшерін жеңілдету туралы ұсыныс білдірді.

Отырыс қорытындысы хаттама түрінде рәсімделіп, тиісті ұйымдарға жолданды. Алдағы уақытта бұл ұсыныстың іс жүзінде жүзеге асып, тұрғындар игілігіне оң әсерін тигізетініне сенім білдіреміз.

Тағы да оқыңыз: