Kyzylorda-news.kz. Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен облыс орталығында дін саласы бойынша өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс әлеуетін көтеру мақсатында семинар-тренинг болып өтті.

Шараға аймақтық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен қатар, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің теология факультетінің аға оқытушысы, PhD доктор Бауыржан Ботакараев және «Парасат» ҚҚ директоры, психолог, РАТТ мүшесі Индира Беркимбаева қатысты. 

Тренинг барысында дінтанушы Б.Қуанышбайұлы ислам нормасы мен Қожа Ахмет Яссауи дәріптеген сопылық ілім бойынша ғылыми-теологиялық талдау жасап, кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар одан әрі психолог И. Қилымбекқызының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысының тиімділігін арттыру жолдары және міндеттер мен мәселелерді шешуде шығармашылықпен келу теориясын жан-жақты жеткізумен жалғасты.

Сондай-ақ, әрбір ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі өз саласы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде үнемі білімдерін жетілдіріп отыру маңызды екендігі айтылды. 

Бұған қоса,  мақсатты аудиториямен тиімді қарым-қатынас құру технологиялары мен іскерлік байланыс шешендігі төңірегінде жан-жақты мәлімет берілді.

Семинар-тренинг соңында шараға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Тағы да оқыңыз: