Kyzylorda-news.kz Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығында ардагерлерге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов және қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жағыппар Тажмаханов Мемлекет Басшысының бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңі екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Конституциялық комиссияның жұмысын, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірілді.

