Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы Болашақ жоғары медициналық колледжінің 1-ші курс студенттерімен мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор кездесу өткізді.

Іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, PhD докторы, облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Дәулет Омаров, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Нұргүл Дүйсебаева, сондай-ақ колледждің 100-ден аса студенті қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес кеселмен күресу қағидаты негізге алынып, жастардың салауатты өмір салтын ұстану маңыздылығы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұлттық құндылықтар мен патриоттық сана туралы ойлар ортаға салынды.

Ақпараттық топ мүшесі Дәулет Омаров жастарды қоғамдағы түрлі рухани кеселдерден, соның ішінде құмар ойындардан аулақ болуға үндеп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ерекше атап өтті.

Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдариха Боранқұлова жастар арасында бес зиянды әдетке қарсы жүргізіліп жатқан насихаттық жұмыстар үшін ақпараттық топ мүшелеріне алғысын білдірді.

Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасуға белсене қатысып, шара еркін әрі ашық диалог алаңына ұласты.

Тағы да оқыңыз: