Kyzylorda-news.kz. Елдің дамуының алдағы бағытын айқындайтын Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері теміржол саласының байланысшыларымен талқылады.

АНТ құрамында кірген қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекші Жорабек Нұрымбетов, Қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Шәріп Абдрахманов, облыстық саяси кеңесінің мүшесі Ибраким Басықараев, Теміржол партиясының атқарушы хатшысы Базара Танбаева Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқыланды.

Сөз алған насихаттық топтың әрбір мүшелері қазірде елімізде орын алған саяси жаңғырудың экономикалық өзгерістерге ұласуына бастау болған Жолдауда белгіленген нақты міндеттер мен мақсаттарға жан-жақты тоқталды.

«Қызылорда қалалық мәслихатының фракция жетекшісі Жорабек Нұрымбетов халықтың сенім үдесінен шығу үшін жасалатын жаңа қадамдарды айтты. Президенттік мандатты бір мерзімге қысқартуы туралы ойын айта келе бұл елімізді демократияландыру жолындағы батыл қадам, саяси жаңалық әрі Қазақстанды бұдан былай автократияның орнауына жол бермеудің бірден бір жолы,үрдіс үдесінен шығатын бастама»- деді.

Президенттің Жолдауда еліміздің транзиттік қуаттын арттыру жолындағы тапсырмасына тоқталған «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева өз ойын былай өрбітті

«Қай кезде де ел экономикасын нығайту жолында теміржол саласын дамыту үлкен маңызға ие. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Қазақстан темір жолы» компаниясы толыққанды транзиттік логистикалық корпорация болып құрылуы керектігін айтты. Бұл ел экономикасының күре тамыры саналатын теміржол саласындағы теміржолшыларға жағымды жаңалық әрі берілген жаңа мүмкіндік. Теміржол салаға беретін серпін» – деді ол.

Кәсіби маман ретінде қалыптасып мемлекет іргетасын қалауға үлестерін қосып отырған теміржолшылар Президенттің теміржол саласына жасаған қолдауын құптады. Сонымен қатар елдегі саяси бағыттың жаңа деңгейге көтерілетіні байқалған, ауқымды өзгерістер көзделген Президент Жолдауын қолдап, онда берілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін бар күш жігерлерін салуға сенімдерін білдірді.

Тағы да оқыңыз: