Kyzylorda-news.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Әсел Буденеева Алматыда сумен жабдықтауға жаңа тарифтер енгізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1 ақпаннан бастап:
- сумен жабдықтаудың орташа тарифі 135,24 теңге /м3 болады;
- су айдауға 83,54 теңге /м3.
- Халық үшін сумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3 дейін, ал су айдауға – 83,54 теңге/м3-қа дейін өседі.
Бұл ретте басқа тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдар үшін де баға өзгерісі болады. Орташа чек:
- суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын үй ауданы 32 м2 бір бөлмелі пәтерге – 156 теңгеге және кәріз үшін – 139 теңгеге (295 теңге);
- суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын үй ауданы 48 м2 екі бөлмелі пәтерге – 234 теңгеге және кәріз үшін – 208 теңгеге (450 теңге);
- суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын үйде ауданы 88 м2 үш бөлмелі пәтерге – 312 теңгеге және кәріз үшін – 278 теңгеге (600 теңге) өседі.
Тарифтер "неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз" қағидатымен тұтыну көлеміне байланысты өзгереді:
- бір адамға айына 3 м3-қа дейін – базалық тариф 91,96 теңге/м3;
- 3-тен 5 м3-қа дейін – 110,36 теңге/м3;
- 5-тен 10 м3-қа дейін – 137,94 теңге/м3;
- 10 м3 жоғары немесе есептеу аспаптары жоқ – 183,92 теңге/м3.
Алынған қаражат ресурс үнемдеуші технологияларды енгізуге, жабдықтарды жаңғыртуға және желілерді жөндеуге бағытталады.
Бұған дейін Алматыда есептегіштері жоқ тұрғындар үшін суды тұтынудың жаңа нормалары күшіне енген еді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
