Kyzylorda-news.kz Ақмола облысындағы Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр.

«9 қазанда сағат 17:40-та Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз мен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

ҚТЖ-ның мәліметінше, оқиғаның себебін анықтау үшін оқиға орнына комиссия жіберілді.

Көлік полициясы Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбандар жоқ. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабы бойынша жария етілмейді», – деп хабарлады полиция.

Фото: Midjourney нейрожелісі

Тағы да оқыңыз: