Kyzylorda-news.kz Ақмола облысы Бұланды ауданы, Шұбарағаш ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі бала мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрттің аумағы –үш шаршы метр.

Жеті және үш жасар бала түтіннен уланып, көз жұмды.

Жедел қызмет нөмірлеріне қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірді.

Қайғылы оқиғаның себептерін Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өрт сынау зертханасының мамандары анықтайды.

Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Фото: Pixabay.com

Тағы да оқыңыз: