Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов ауыл халқымен өткен кездесуде айтты.

Атап айтар болсақ, ауылдық округ әкімі "Ақмая" шаруа қожалығының демеушілігімен ауылдағы электр желілерін толықтай ауыстыруға қажетті құжаттарды дер кезінде дайындап, келер жылы 486 млн. 329 мың теңге қаражатқа ауылдағы электр желілері мен бағаналарын 100 пайызға жаңартуды көздеп отыр.

«Мұндай тындырымды тірліктер өзге ауылдарда да жалғасын табуы тиіс. Сондықтан ауылдық округ әкімдері әріптестерінің осындай оң бағыттағы іс-әрекетінен үлгі алуы қажет» деп аудан әкімі ауыл әкімдерінің дер кезінде қимылдау керектігіне тоқталды.

Тағы да оқыңыз: