Kyzylorda-news.kz Жақында Төретам кенті, Ақай ауылына қарасты №23 «Балдырған» бөбекжай-бақшасында «Заттық-кеңістік дамытушы орта арқылы нәтижеге бағытталған даму механизмін құру» тақырыбында педагогтардың іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында аудандық семинар өтті. Оған Қармақшы аудандық мәслихат депутаты Еркін Рзалиев, Ақай ауылының әкімі Эльмира Қазиева және мемлекеттік, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Оны Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева ашып, мектепке дейінгі білім беру саласында болып жатқан нәтижелі жұмыстар легін айтып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Семинар барысында бүлдіршіндердің қатысуымен әндер айтылып, би биленді. Семинардың тағы бір ерекшелігі – балалардың қалдық материалдардан жасалған креативті, сәнді, заманауи киімдер үлгісі қатысушылардың көз қуанышына айналып, көрерменді тәнті етті.

Балабақша ауласына түрлі топ бойынша балалардың болашақ мамандықтарға бейінін анықтау бойынша көрме ұйымдастырылды. Одан бөлек қатысушыларға балалардың ой өрісі мен қабілетін арттыру барысындағы ойын түрлері мен түрлі рухани бағыттағы іс-шара ұсынылды.

Семинар соңында қатысушылар іс-шарада көрсетілген жұмыстар бойынша мамандар тәжірибе алмасып, өзіндік ұсыныс пікірлерімен бөлісті.

Тағы да оқыңыз: