Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында қай кезде де әкімі тек әйелден сайланатын ауыл бар. Осыдан екі жыл бұрын мұндағы халық өздері дауыс беру арқылы тағы да әйел басшы Эльмира Қазиеваны таңдап, сайлап алды. Қазір елімізде нәзік жандылар үйдің де, түздің де жұмысын қатар алып жүруге қауқарлы. 

Бүгінде ауылдың тыныс-тіршілігі тұрақты түрле даму үстінде.  Аймағымызда іске епті, белсенді кәсіпкерлер күн санап артуда. Елімізде өндіріс саласын көбейтуді көздеген олар өнімдерімен бүгінде халықты қамтамасыз етіп келеді. Ал, өнімге оң бағасын берген тұтынушылар кәсіпкерлердің ісін одан әрі шыңдауға дем беруде. Жақында ауданға қарасты Ақай ауылында тың бастама қолға алды. Жеке кәсіпкер Ғанибек Серікұлы кір сабын шығаратын шағын цех ашты. 

«Кір сабын шығаруды жыл басынан бастап жоспарладық. Оның пайдасы мен шығынын зерттеп, жанжақтан сұрастырдық. Кәсіпті бастауда туған ағам Манарбек көп көмектесті. Екеуіміз қаржы жинап, осы істі аяғына дейін жеткізуді қолға алдық. Сөйтіп, Тараз қаласынан сабын шығаратын құрылғыны алып, сол жақтан оны қалай қолдану керегін үйрендік. Шүкір бастамамыз жаман емес, нәтижесін беріп жатыр. Кір сабынды дүкендерге шығардық. Қазір Төретам, Ақайдан сұраныс көптеп келуде», – дейді жеке кәсіпкер.

Ақай ауылдық округі бойынша  биылғы жылға 11 жобаға 403 190,0 млн.теңге қаралды. Оның ішінде республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 145 919,7 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда, Ақай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы үшін 145 919,7 мың теңге. Газ құбыры желілерін салуға 104 254 мың теңге (Ұлттық қорынан 104254 мың теңге, облыстық бюджеттен 44 444 мың теңге). Ал облыстық бюджеттен 76 625 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда, Қармақшы ауданы  Ақай ауылдық округінің Астана көшесінен №1-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарына 18 376 мың теңге қаралған. Облыстық бюджеттен «Ауыл-Ел бесігі» аясында 58 249 мың теңге қаралды. Оның ішінде Құдайбердиев  көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 17 615 мың теңге (облыстық бюджеттен 15 854 мың теңге, аудандық бюджеттен 1 761 мың теңге). Қазыбек би көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 16 618 мың теңге қарастырылса, Баймаханов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 24 016 мың теңге. 

Аудандық бюджеттен 22 947,3 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда, ауылдық округіне балалар ойын  және спорттық тренажер ойын алаңын орнату үшін 15 423,3 мың теңге бөлінсе, ауыл округіндегі 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге, ведомстволық сараптамадан өткізуге 3 255,4 мың теңге қаралған. Ал Майлин көшесін жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге, сараптама қорытындысын дайындауға 2 101,9 мың теңге, Әуезов көшесін жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасын (ПИР) әзірлеуге, сараптама қорытындысын дайындауға 2 166,7 мың теңге. Төртінші деңгейлі бюджет есебінен 9 000 мың теңге бөлінді. Елді мекенді көгалдандыру мақсатында (аяқ су жіберу жұмыстары үшін) 9 000 мың теңге.

Тағы да оқыңыз: