Kyzylorda-news.kz. 2022 жылы Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетовтың қолдауымен "Құрметтеуге лайықты жан" жобасы қолға алынып, дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді.
Осы орайда бүгін "Тау самалы" тынығу лагерінде көп балалы және жалғыз басты аналар, кәсіпкер қыз-келіншектер мен белсенді аналар табиғат аясында аудан басшысымен кездесіп, еркін форматта пікір алмасып, өздерінің ұсыныс пікірлерін ортаға салды.
Сонымен бірге жергілікті кәсіпкер аналар мен қыз-келіншектер өздерінің өнімдерінен жәрмеңке қойып, ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, көрмелер қойылды.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің қолдауымен жергілікті кәсіпкер аналар мен Қызылорда қаласының ірі сауда үйлері арасында өзара сауда саттыққа меморандум жасалды.