Kyzylorda-news.kz Қашан екені белгісіз, әлемнің не қатты жарық емес,не қатты қараңғы емес бір түбегінде “Алтын қамал” патшалығы болыпты. Ол патшалықта өтірік, алдап соғу сынды бейәдеп істер атымен болмапты. Көршілес патшалықтар бұл патшалыққа қызығада қызғанада қарайды екен.
Патшалықта қайғысы бар адам атымен жоқ екен,күнде жиын күнде той. Бірақ кенеттен патшалық тұрғындары қуаныштың не екенін ұмытып, барлығы қайғы мен мұңға салынып кетіпті.
Патша халықтың бұл қылығын түсіне алмай күн сайын әлемнің түкпірінен түрлі түрлі дәрігерлерді алдыртып, зерттеулер жүргізеді екен, бірақ барлығы нәтижесіз, адамдар қуанбақ түгілі күлмей қалыпты. Басы қатқан патша уәзірлерін жинап жиналыс жасап, уәзірлеріне мұңын шағыпты.
“Жиналыс аяқталды” дегені сол еді кенет бір қарт патшалыққа баса көктеп кіріп “Таптым, таптым” – деп айқайлай жөнеледі. Бейбақты түсінбеген патша демін алуына уақыт беріп, жөн сұраса кетеді.
Бейбақ патшаға көрші патшалықтан жіберілген жолаушыны,және оның нарықта ерекше ақ ұнтақ сататынын мәлімдейді. Патша дереу жолаушыны елден қуып, ұнтақтың көзін жояды. Солай елде бақытшылық орнайды.
Қадірхан Ибрагим,
С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің 9-сынып оқушысы
Фото: e-history.kz
