Kyzylorda-news.kz. Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай «ADAL ADAM» youtube-арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында бұрын теріс діни ағым өкілдері тарапынан айтысты жүргізу туралы ұсыныс болғанын айтқан.
«Жүрсін ағамыздың қолынан айтыс тізгіні сусып шыққан кезеңде екінші топтың тарапынан айтысты жүргізу туралы ұсыныс болды. Бірақ мен бас тарттым. Бұрыннан бағыт-бағдарым айқын еді. Сондықтан олар да менің көнбейтінімді білген секілді», — деді айтыскер.
Сондай-ақ депутат бүгінгі позициясы туралы да ой бөлісті. Айтуынша, өмірлік тәжірибесі күдікті ұсыныстан сақ болуға жәрдемдеседі екен.
«Қазір алдау-арбауға көнетін жаста емеспін. Оң-солымды таныған шақта шатасуға жол бермеймін. Дәстүрлі өнерге қызмет етіп келемін, алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс істеймін», — дейді ақын.