Kyzylorda-news.kz «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандық жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков кент орталығын тазалық, абаттандыруға арналған арнайы техникалардың жағдайымен танысты.

Аудан әкімі кездесу барысында арнайы алынған техникалар «Қажеттілікті қамтамасыз ету жолында үздіксіз жұмыстар жасалу керек. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан!» акциясы - тек айналаны тазарту ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, халық арасында экологиялық насихат жүргізуді жандандыру қажет. «Тазалық - баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты. Осыған орай акция басталған уақыттан бері ауданымызда ауқымды жұмыстар жасалып жатыр.

«Екі жыл қатарынан облыста ұйымдастырылған «Үлгілі елдімекен» байқауында Шиелі кенті «Үлгілі аудан орталығы» деп танылып, техникалық көліктермен қамтамасыз етілді. Бұл жүйелі жұмыстардың нәтижесі» - деді аудан әкімі.

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Тағы да оқыңыз: