Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пакпен кездесті.

Басқосуда облыс орталығында халықаралық стандартқа сай үстел теннисі орталығын салу мәселесі талқыланды.

Өңір басшысы аймақта бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, спорттық нысандар мен дене шынықтыру секцияларын көбейту керектігін айтты. Жиын соңында тараптар үстел теннисі орталығы құрылысын жүргізу бойынша пікірлесіп, жұмыс жоспарын нақтылады.

Айта кету керек, спорттық нысан құрылысына қажетті қаражат бюджеттен тыс, демеушілер есебінен жүзеге аспақ. Қазір құрылыс орны Сол жағалаудан нақтыланып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Тағы да оқыңыз: