Аймақ басшысы Қармақшы ауданында болды (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Аймақ басшысы Қармақшы ауданында болды (ФОТО)

20.01.2020, 9:40

296 0

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен болып, 13 елдімекеннің тұрғындарымен кездесті.

Т.Көмекбаев ауылының тұрғындары Қ.Қуаңбаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін айтып, ризашылықтарын жеткізді.

Сонымен қатар, ауылдық клуб үйін жаңарту мен елдімекендегі емдеу мекемесінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтініштерін айтты. Өңір басшысы аталған мәселе бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жеке инвесторлар арқылы алдағы уақытта ауылдық клуб пен медициналық амбулатория мәселесі шешіледі деді.

Аймақ басшысы Қуаңдария, Алдашбай-ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Жаңажол, Иіркөл ауылдық округтерінде де болып, тұрғындармен кездесті. Иіркөл мен Алдашбай-ахун ауылдық округінде сапалы интернет және ұялы байланыс орнату мен аяқ су мәселесі көтерілді. Облыс әкімі жауапты мамандарға 2019-2020 жылдарға арналған «Каналдарды қыршып, тазалау» жоспарлы бағдарламасы шеңберінде тұрғындар айтқан аяқ судың проблемасын көктем мезгілінде шешіп беруді тапсырды. Қажет болған жағдайда «электрлі дизельді мотор» қоюды жүктеді.

Мұнан соң өңір басшысы Төребай би, Ақай, Төретам, Қармақшы ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Ақайлықтар газ мәселесін көтерді. Өздеріңізге белгілі қазір Байқоңыр қаласы көгілдір отынға қосылды. Ал маңындағы Ақай, Төретам елдімекендерін газдандыру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда дейді жауапты мамандар.

Бұған дейін Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария аудандарына қарасты ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысқан аймақ басшысы Қармашы ауданының да елдімекендерін түгел қамтыды. Тұрғындар көтерген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқан облыс әкімі, барлық жұмыстар өзінің қадағалауында болатынын жеткізді.

0

Пікір қалдыру