Kyzylorda-news.kz. Аймақтағы жас педагогтер облыстық форумда бас қосты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынының бастамасымен «Педагогикалық шеберлік орталығы» Қызылорда қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен Зияткерлік мектеп базасында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты облыстық форум өтті. 

«Форумның мақсаты кәсіби қалыптаса бастаған педагогтердің әлеуе»тін арттыру, табысты жол бастауға қолдау көрсету болып табылады. Біздің мұғалімдер батыл мақсаттар қоя білетін, өздерінің тәжірибесін дамыта алатын мықты көшбасшы болатынына сенеміз, - дейді «Педагогикалық шеберлік орталығы» Қызылорда қаласындағы филиал директоры София Камалова. 

Шараға өңірдегі жалпы білім беретін мектептер мен NIS-тің 130 жас педагогі қатысты. 

Форумның ашылу салтанатында сөз алған Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет педагогтерге жүктелетін мақсат-міндеттерге тоқталып, қазіргі заманның ұстаздар бойынында болуы тиіс қасиеттерді атап көрсетті. 

Форумның арнайы қонақтары – журналист Майра Төлепберген, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің – Бизнес Старт кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Тубекбаев жас мамандармен мотивациялық кездесу өткізіп, ой бөлісті. 

Форум жұмысы әрі қарай өңірдегі жалпы білім беретін ұйымдар мен Зияткерлік мектеп көшбасшы ұстаздарының шеберлік сыныптарымен жалғасты. Спикерлер әріптестеріне ойын элементтерін кіріктіру арқылы оқушылардың АКТ құзыреттілігін дамыту, бастауыш сыныпта Renderforest бағдарламасын қолдану, қабілеті жоғары оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары, ағылшын сабағында белсенді оқыту стратегияларын қолдану бойынша ақпарат беріп, қызықты лайфхактарымен бөлісті. Бірлескен практикалық жұмыстарда жас ұстаздар біліктіліктерін арттырып, педагогикалық дамуға қажетті тың тәсілдерді меңгерді. 

Арал ауданынан келген мұғалім Мұхан Төлебаев ҰБТ-ға оқушыларды ойын арқылы дайындауды ұсынды.

«Ақпарат заманында оқушыларды ойын арқылы оқыту қажеттілігі туындап отыр. Математика сабағынан ҰБТ-ға дайындық барысында волейболшы мен жекпе-жек ойындарын қолдана отырып, балалардың пәнге деген қызығушығы артқандығын байқадым. Бүгін осы тәжірибеммен көпшілікпен бөлісуге мүмкіндік алдым және де өзге әріптестерімінің тың идеяларынан тәжірибе жинақтадым»,- деді Мұхан Төлебаев.

Форумның тақырыптық алаңында педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері «Функционалды сауатсыздық: тапшылықты қалай толтыруға болады?» «Сабақ конструкторы: құрастырамыз және қолданамыз», «Insight зертханасы: жанама тәжірибеден өз іс-әрекетіне дейін», «Оқытуда АКТ-ны тиімді пайдалану: SAMP технологиясы» тақырыптар аясында тәжірибелік сессиялар ұйымдастырып, кәсіби идеяларымен бөлісті. 

«Active spot» блогында қатысушылар Зияткерлік мектеп ұстаздарының «Арманымды суретпен бейнелеу», «Киіз басу терапиясы», «Саз шеберханасы» шеберлік сабақтарына қатысып, шығармашылық әлеуеттерін арттыруға мүмкіндік алды. Бачата биі арқылы жастар жағымды эмоцияларға бөленеді. «Зерттеу керек емес зерттемеу» педагогикалық батлында жас мамандар Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерімен ашық тартысқа шығып, зерттеу жайлы терең әрі тиімді ақпараттарымен бөлісті. 

Шара соңында қатысушылар ФОРУМ барометрі арқылы кері байланыс беріп, пікір алмасты.

314376977_3235976166732295_2041183706700788095_n.jpg
313438718_3235975856732326_2477355313467395293_n.jpg
313918073_3235976996732212_1938270792271601368_n.jpg
313407913_3235976676732244_7836847582931044539_n.jpg

Тағы да оқыңыз: