Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен ағымдағы жылдың 27 наурызы күні Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Искаков Олжас Ермекұлы тағайындалып, аймақтың бас дәрігерінің медицина саласын тізгіндегеніне шамамен 2 ай толып отыр. Соған сәйкес, басқарма басшысының екі айлық кезеңіндегі атқарған жұмыстарын тізбектеп, осы уақыт аралығында  атқарылған істерге тоқталып өтсек.

Аймақтың бас дәрігері қызметіне тағайындалған сәттен әр сала бойынша облыстың штаттан тыс бас мамандарын жеке қабылдап, проблемалық мәселелері тыңдады. Нәтижесінде тұрғындардың медициналық көмекке арыз-шағымын азайту және нефрологиялық қызметін дамыту жөніндегі жол карталары әзірленіп, салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.

Нефрология қызметін дамыту жөніндегі жол картасы шеңберінде «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-ндағы қандағы такролимус концентрациясын анықтайтын аппаратқа реагент жеткізіліп, облыстағы бүйрегі ауыстырылған тұрғындарға талдау жұмыстары басталды. Сонымен қатар, «Орталық қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-на иммунохимиялық анализатор аппараты сатып алынып, қондырғы іске қосылуда.
Одан бөлек аймақтағы хирургия саласын дамытудың жол картасы әзірленуде.

Барлық медицина ұйымдарының бас дәрігерлерін 2022 жылы атқарылған жұмыстары, 2023 жылға алға қойған мақсаттарын талқылау мақсатында жеке қабылдады. Жеке қабылдаулар нәтижесінде аймақ медицинасың 2023-2028 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары әзірленуде.

Ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлының төрағалығымен медицина ұйымдары бас дәрігерлерінің қатысуымен 2023 жылдың І тоқсанын қорытындылау бойынша Алқа отырысы өткізіліп, нақты тапсырмалар берілді.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары жалпы құны - 11,2 млрд. теңгеге 27 денсаулық сақтау нысан құрылысы, 2025 жылға дейін Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын «Көпбейінді аудандық аурухана» деңгейіне жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда қаласының сол жағалауында 2,9 млрд. теңгеге облыстық қан орталығының құрылысы жүргізіліп жатса, Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсек орынға арналған жалпы құны 36,4 млрд. теңге болатын көпбейінді аурухана құрылысы басталды.

Аталған денсаулық сақтау нысандарының құрылысы бойынша министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізілуде, іске асырылу барысы аймақ басшысының жіті бақылауында. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А. Көлгіновтің Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында аймақтың бас дәрігері аталған денсаулық сақтау нысандары бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Облыстық фтизиопульмонология орталығы және облыстық психикалық денсаулық орталығын ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, бөлінген қаржының мақсатты игеріліп, жұмыстың сапалы жүргізілуі тиістігін тапсырды.

Ана мен бала денсаулығы қашанда басты назарымызда. Осыған орай, Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы 200 төсек орынға арналғанымен 360 төсек болып үстемемен жұмыс жасауда. Сол себепті Облыс әкімінің қолдауымен бұрын-соңды облыста болмаған 150 төсекке арналған Көп бейінді қалалық балалар ауруханасын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жас аналарға жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жыл соңына дейін көпбейінді облыстық аурухана жанынан 70 төсектік босану бөлімшесін ашу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықаралық стандарттарға сай 200 төсектік перинаталдық орталық салу мәселесіде пысықталып, нысан құрылысына 3,7 га жер учаскесі бөлінді.

Ағымдағы жылы медицина ұйымдарын техникамен қамтамасыз етуге 3,4 млрд. теңге қарастырылған, оның 72% ана мен бала денсаулығын сақтауға бағытталуда.

2023 жылға Қызылорда облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен орфандық – сирек кездесетін аурулары бар науқастарға барлығы 345 986,00 мың теңге қаржы қаралды, былтырғы жылмен салыстырғанда 150,0 млн теңгеге көбейіп отыр. 

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 88 160,0 мың теңге бөлінді, аталған қаржының барлығы ана мен бала денсаулығын сақтау саласы мамандары игілігіне жұмсалуға көзделуде. Бүгінгі күні аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес қажеттілікке қарай мамандарды шет елдерде мамандарды оқыту мәселесі пысықталуда. 

Республикалық мамандармен байланыс нығая түсуде, Астана қаласы Ұлттық ғылыми медицина орталығының кардиохирург дәрігері Мыңбаев Марат Талғатұлымен облыстағы туабітті ақаумен туған есепте тұратын 62 балаға кеңес беріліп, нәтижесінде 18 балаға отаға жолданды.

Сонымен қатар, акушерлік-гинекология саласы бойынша Республикалық куратор, «Акушерия-гинекология және перинатология ғылыми орталығының» дәрігері Б. Туленова облысымызға іс-сапармен келіп, медицина ұйымдарына тәжірибелік көмек көрсетті.

Астана қаласындағы Ұлттық балаларды оңалту орталығының психоневрология бөлімінің меңгерушісі, невролог дәрігері А. Алимжанова көпбейінді облыстық ауруханасына келіп, «Церебральды параличте күтім ерекшелігі», «1 жасқа дейінгі балалардың жүйке-психикалық дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде өткізілген кезекті сессия отырысында орфанды сирек кездесетін ауру түрлерімен сырқаттанатын облыс тұрғындарына жергілікті бюджеттен қосымша 100 млн. теңгеге қаражат бөлінді. Одан бөлек басқарма ұсынысы «Қазақстан Халқына» қорына жолданып, нәтижесінде 34 млн. теңгеге 3 науқасқа керекті «Цинрайз», «Рисдиплам» препараттармен қамтамасыз қолдау тапты.
Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні 15 төсек орынға (оның ішінде 5 төсек орын офтальмохирургиялық профиль) арналған «Лор» бөлімшесі Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында ашылды. Лор бөлімшесінің ашылуы балалардың денсаулығын одан жақсартуға жасалып отырған шарамыздың бірі болып табылады.
Сонымен қатар, балаларға арналған облыс орталығында ғана бар, республика бойынша оңалтудың брендіне айналған «Қамқорлық» оңалту орталығын Арал (Арал, Қазалы балаларына) және Жаңақорған аудандарында (Жаңақорған, Шиелі) ауданаралық оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Бұл бастама өз кезегінде 5000-ға жуық ерекше балдарымыздың тиісті оңалту шараларын тұрғылықты жерінде қабылдауға мүмкіншілік беретіні сөзсіз.
Жол көлік оқиғаларын азайту бойынша 2023 жылдың 22 мамыры күні сала орынбасары Н. Сақтағановтың төрағалығымен «Жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету» бойынша үйлестіру кеңесі өткізілді. Үйлестіру кеңесіне тиісті сала басшылары қатысып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Хаттамалық тапсырмаға сәйкес Қызылорда-Жезқазған және Арал-Ырғыз трассаларының бойында жол көлік оқиғаларының орын алу жиілігі және бірден-бір медициналық ұйымның орналаспауына орай, осы жол аралығында жаңадан 2 трассалық медициналық құтқару бекеттерін ашуға Төтенше жағдайлар министрлігіне ұсыныс хат жолданды.

Басқарма басшысы Байқоңыр қаласы, Арал және Жаңақорған аудандарына жұмыс сапарымен барып, медициналық ұйымдар жұмысымен танысты. 

Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатта халық арасында жеке қабылдау өткізіліп, ашық диалог ұйымдастырылды.
Алматы және Жамбыл облыстарындағы (Еңбекшіқазақ және Мерке аудандарында) үздік практика орталықтарының тәжірибесін енгізу мақсатында Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы және №6 қалалық емханасы мамандары тәжірибе алмасу және озық тәжірибені тиімді енгізу үшін мақсатында жолданды.

Облыс тұрғындарына травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық ауруханасының травматология бөлімшесінің аға дәрігері А.П. Кузнецовтың қатысуымен «Полижарақат» тақырыбында семинар өткізіліп, облыстың травматолог мамандары тәжірибе алмасты.

Бүгінде облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қажетті бағыттары анықталып, «Қазақстан халқына» қорына сұраныс хат жолдануда. Қолдау тапқан жағдайда жоғары медициналық көмек тек Қызылорда облысы тұрғындарына ғана емес, көршілес жатқан облыс тұрғындарынада медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға септігін тигізетін болады.

26 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы жұмыс сапарымен Талсуат елді мекенінде орналасқан «UMC» корпоративтік қорының Қызылорда облыстық филиалына барды.
Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы мен аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлы орталық жұмысымен мұқият танысып, мәселелердің шешімін табуына ықпал жасайтындықтарын жеткізді.

Сонымен қатар, Нұрымбет Аманұлы тарапынан орталық қызметкерлеріне әрбір науқастың жағдайы ескерусіз қалдырмау керектігі айтылып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Басқарма басшысының төрағалығымен наурыз айының соңынан бүгінгі күнге дейін медициналық ұйымдар бас дәрігерлерімен 5 облыстық штаб отырысы,  9 апталық лездеме отырысы өткізілді.

2023 жылдың 27 наурызы мен 27 мамыры аралығында Басқарма басшысының жеке қабылдауында 94 азаматтың мәселесі қаралды. Оның ішінде 89 жеке тұлғалардан, заңды тұлғадан 5 өтініш келіп түсті. Осы өтініштердің 60 оң шешімін тауып, 24-не заң аясында түсінік берілді.
Тұрғындардың денсаулығы – мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің арқауы. Денсаулық сақтау саласын аймақ басшысы назардан тыс қалдырған емес. Аймақ басшысының ерекше қолдауы –  облыстың медицина саласының жұмысын айрықша ілгерілетуде. Саланың игі істері алдағы уақытта да өңір халқының игілігіне айнала бермек.

 

Тағы да оқыңыз: