Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 6 желтоқсанда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында балық шаруашылығын  дамыту мәселесі қаралды. Жиында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев саланы дамытуда қолайлы жағдайлар жасалғандығын атап өтті. 

Осы орайда, кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыстың балық шаруашылығын дамыту мәселелері пысықталды. 

Мәжіліс отырысына облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Құрманбаев, Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы инспекция басшысының орынбасары Ж.Сапаров, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалының директоры Т.Барақбаев, Қызылорда облысының Өңірлік кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің төрағасы Б.Нұрхожаев және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен сала мамандары қатысты. 

Жиында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев балық шаруашылығын дамыту бағдарламасында Қызылорда облысы бойынша 2022 жылға 9 индикатор қаралғандығын және олардың орындалуы туралы баяндады. 

Жиынға қатысушылар табиғат пайдаланушылар арасында Түркістан облысының балық шаруашылығы саласымен тәжірбие алмасуды, салаға қатысты бағдарламаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, жергілікті инвесторларды тарту арқылы балық щаруашылығын дамыту мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша табиғат пайдаланушыларға түсіндірме жұмыстарын күшейту туралы ұсыныс пікірлерін ортаға салды. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов жиын соңында балық саласының өзектілігін негізге ала отырып, жоспарланған шараларды күшейтуді және ұсыныс пікірлерді жан жақты зерделеп, жүзеге асыруды тапсырды.

320353950_5794768233964172_7771653879781090858_n.jpg

Тағы да оқыңыз: