Kyzylorda-news.kz “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен “Батаменен ел көгерер” байқауының аймақтық кезеңі аяқталып, қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

Тағылымы мол байқауға дуалы ауыз, шежіре­кеуде қариялар қатысып, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті. Ақыл додасына қала мен аудан­­дарының 12 ақылгөй қариялары қатысып, жұртшылық алдында беріп жүрген баталарын жалпы көпшілік пен әділқазылар алқасының сарабына салды. Биылғы додаға Ұлы Отан соғысының ардагері, 104 жастағы қария Яхия Тасыров та қатысып, өмір тәжірибесінің  молдығын бай­қатты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 3 орынға Сырдария ауданының тұрғыны Айсин Жантемірдің батасы лайықты болды, 2 орын Қазалы ауданының құрметті азаматы Сержан Берденұлына бұйырды. Қазылардың шешімімен белгілі ұстаз, филология ғылымдарының доценті Алдажар Әбілов аймақтық байқаудың жеңімпазы атанды. Жүлделі 3 орынға ие болған роликтер Республикалық кезеңге жолланды.

Аймақтықтық батагөйлер сайысының жеңімпаздары марапатталды.jpg

Тағы да оқыңыз: