Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталмыш шара 01 – 10 маусым аралығы өткізілуде.

Іс-шараға департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді.

Үш күнде 900-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық дерек анықталса, оның ішінде мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылық ҚР ӘҚБтК-нің /434 бабы/ - 49, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу /440 бабы/ - 84, көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарудың (608-бабы) - 7, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру (442-бабы)- 134, түнгі тыныштықты бұзу бойынша (437-бабы) - 62 дерек анықталған, ҚР тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру /492 бабы/ - 73 дерек тіркелді. Жалға берілетін 98 пәтер тексерілді.

Жалпы облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы Департамент бастығының бақылауында.

Тағы да оқыңыз: