Kyzylorda-news.kz  Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы мен Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келді.

Сапар аясында қонақтар аудандық Руханият орталығының қызметімен танысты. Олар орталықтағы музей, Аналар бөлмесі, Ардагерлер бөлмесі, кітапхана және Қоғамдық келісім бөлмесін аралап көріп, заманауи тынысымен танысты.

Сонымен қатар, Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы мен Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен Ассамблея мүшелерімен кездесу өткізіп, бірлестіктің этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту бағытындағы тәжірибелерімен танысты. Кездесу барысында алдағы жоспарлар мен ынтымақтастық бағыттары да жан-жақты талқыланды.

Бұл сапар өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуды кеңейтуге, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Тағы да оқыңыз: