Kyzylorda-news.kz Сауда нарығы қазіргі қоғамның қозғаушы күші. Әлеуметтік экономикалық ахуалымыздың термометрі. Шаһарымыздағы сауда үйлері халық әлеуетінің артуының негізгі бағыты. Облыстық Халықтық штаб өкілдерінің кезекті кездесуі «Алатау» сауда үйінде ұйымдастырылды.

Мақсат – сауда орында жүрген тұтынушылармен кездесіп, АЭС-тің оң әсерін назарына ұсыну. Халықтық штаб мүшелері жасыл энергияның ел экономикасына оның ішінде халық әлеуетіне және қоршаған ортаға тигезетін оң әсері жайлы азаматтарға кеңінен жеткізді.

  «Энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бүгінде Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына тәуелді. Сондықтан жасыл энергия көзін өндірудің өзінде елімізде дербес атом электр станциясын салу қажеттіліктен туындаған жаңашылдық бастауы. Бұл – Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды қадамы болмақ», – деді штаб мүшесі Алтын Есқараева азаматтармен болған талқылау барысында.

Әлем елдерінде атом электр станцияларын пайдаланудың көп жылғы тәжірибесі бар. Мамандар мұны адамдарға және табиғатқа зиянсыз екенін растайды. Ғалымдар ірі жылу электр станциясы аймағындағы жеке сәулелену дозалары атом электр станциясының жанындағы ұқсас дозадан 5-10 есе артық екенін эксперименталды түрде анықтады. Сондықтан ядролық энергия «жасыл» деп танылды. Бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда экологиялық таза болып танылған. Кездесуде азаматтарды толғандырған сауалдардың да басым бөлігі қауіпсіздік мәселесі болатын.

Кездесуде штаб мүшесі Айгүл Мұсабаева: – Елімізде жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары. Электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық экологиялық міндеттемелерді өзіне жүктемек ниетте. Сондай-ақ, көмір жобаларын қаржыландыру да экологиялық шектеулерге байланысты күрделене түсуде. Бұл тұрғыдан алғанда энергетикалық тәуелділіктен арылудың тиімді жолы АЭС салу екенін дұрыс бағыттан түсіну қажет. Бұл ел ертеңі үшін маңызды, – деді.

Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағ құрамақ. Бұл жұмыс істеп тұрған электр станциялары небәрі 135 млрд кВт/сағ қамтамасыз етпек. Сауда үйі тұтынушыларымен болған жиын осылай қорытындыланды. 

Тағы да оқыңыз: