Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері 1845 адамға медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығында стационарлық және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Ибраева мәлімдеді. 

Қазіргі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы 153 мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

«Облыста инватакси қызметін 32 автокөлік жүзеге асырады. Олардың 17-і аудандарға тиесілі болса, Байқоңыр қаласында - 2, Қызылорда қаласында – 13 автокөлік бар. 32 инвотаксидің 12 автокөлігі кресло-арбаның көмегімен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген. Сонымен қатар, биылғы жылдың тамыз айында Қызылорда қаласына қалаішілік қоғамдық көліктерде пайдалануға 100 үлкен сыйымдылықтағы кресло-арбаның көмегімен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін аппарельмен жабдықталған автобустар сатып алуға шарт жасалды. Бүгінгі күнге оның 82-і пайдалануға берілді», - дейді Айгүл Ибраева.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткен жылы Қызылорда қаласында «Тең қоғам» орталығы ашылса, биылғы жылы Шиелі ауданында ашылып, жұмыс жасауда.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 17.25.28.jpeg

Тағы да оқыңыз: