Kyzylorda-news.kz Бұрнағы Айдарлы ауылының әкімі Нұрбол Жұмабеков «Күміс алқа» иегері Жанай Абдуганиеваны құттықтап, наградасын табыс етті.
«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы - баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол.
– Айдарлы ауылында балағынан бала саулаған ардақты аналарымыз жеткілікті. Қашанда ынтымақ-бірліктің үлгісін көрсете білетін ауылымызда көп балалы аналар жеткілікті. Бүгін балаларына тағылымды тәрбиесін беріп келе жатқан Жанай Абдуғаниеваның қуанышымен құттықтаймын. Алдағы уақытта көп балалы отбасында тек мықты, білімді жандар өсіп шығатынына сенеміз. Біздің тарапымыздан қашанда қолдау көрсетіліп тұрады. Аяулы ананың отбасына денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыз», – деді ауыл әкімі.
Шын мәнінде, Айдарлы елді мекені егіздер ауылы аталып кеткен. Бір көшенің бойында егіз тапқан бірнеше ана тұрады. Өз кезегінде ерекше құрмет көрсеткен ауылдастарына Жанай Абдуганиева шынайы алғысын жеткізді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан ауқымды іс-шараларды тілге тиек етті.
