Kyzylorda-news.kz.  Осы жылы Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылында жалпы құны 78,6 млн. Теңге болатын Қ.Сатбаев, Ж.Досымбетұлы, А.Жиренов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті тұрғындардың игілігі үшін жасалатын көше жөндеу жұмыстары қарқын алады.  

Бүгінде аталған көшелерге қосымша Нұртаза мен Ш.Ілиясов көшелеріне жол құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттар әзірленуде. Қазіргі уақытта Қ.Сатбаев көшесін асфальттау жұмыстары басталды. Көшені жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме «Универсалсервис» ЖШС-і жауапты болып табылады.

«Айдарлы ауылы аудан орталығынан шалғайда орналасқан. Біз ауыл көшелерін жөндөу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргіземіз. Жергілікті тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, күрделі мәселелерді шешуге тырасамыз. Оның ішінде, елді мекендегі жол жөндеу мәселесі күн тәртібінен түспейді. Өз кезегінде «Универсалсервис» ЖШС-і мамандарымен пікірлесіп, Қ.Сатбаев көшесінің сапалы жөнделуіне байланысты өз ойымызды жеткіздік. Алдағы уақытта сапалы жасалған дүниені күтіп ұстау да, маңыздылығын жоймайды», – деді ауыл әкімі Айбол Ержанов.

 Қазіргі таңда мердігер мекеме жол арқылы өтетін екі үлкен арықтың трубаларын ауыстырып, асфальт төсеу жұмыстарына кірісті.

 

Тағы да оқыңыз: