Kyzylorda-news.kz. Ауыл – ел бесігі. Ауыл – қайнаған тіршіліктің ортасы. Ауыл – қаланың негізі, тіршіліктің бастауы. Биылғы жыл «Ауыл жылы» деп жарияланып, ауылдың гүлденуіне барынша жағдай жасалып жатыр. Соның ішінде, жаңа құрылыстар бой көтеріп, ауылдық мекендерді газдандыру, электр бағаналарын жаңарту жұмыстары да қолға алынуда. Ауданға қарасты Айдарлы ауылдық округінде өткен және биылғы жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ауыл әкімі Айбол Ержановпен сұхбаттасқан болатынбыз. Ендеше назарларыңызға арнайы сұхбатымызды ұсынамыз.

– Айбол мырза, ең алдымен Айдарлы ауылы туралы статистикалық деректерге көз жүгіртсек.

– Айдарлы ауылы – Сырдария ауданына қарасты ауылдардың бірі. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан. Ауылдық округ бойынша 305 отбасында1627 халық тұрады.Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 721адам. 172 зейнеткер, 46 мүмкіндігі шектеулілер,26 «Алтын алқа» және 35 «Күміс алқа» иелері бар.
2022 жыл бойына  жеке тұлғалардан жер учаскелеріне  байланысты   барлығы12 өтініш  келіп түсіп заң талаптарына сәйкес қанағаттандырылып, 1 өтініш заңға сәйкес бас тартылды.Ауылдық округі  әкімі аппаратында  29 шешім, 126 өкім шығарылды. Жеке тұлғалардан барлығы 8 өтініш келіп түскен. Оның ішінде4 жазбаша өтініш,4 сұрау салу. 4 өтініш  қанағаттандырылып, 4 сұрау салуға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
2022 жыл бойына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 84 211,9  мың теңгеқаралып,  бөлінген 84 211,9  мың теңге қаржы толығымен 100% пайызға игерілді. 
2022 жылы жеке тұлғалардан көлік салығының жылдық жоспары – 3 100 000 теңге, орындалғаны –  105,4 %  болып отыр, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы жоспар – 87 000 теңге,  орындалғаны –100 %. заңды тұлғалардан алынатынжер салығы  жоспары –22469 теңге, орындалғаны – 100,7%. Жеке кәсіпкерден (жер сатқанына байланысты) табыс салығы жоспары – 45 600 теңге, орындалғаны 100% Заңды тұлғаларға орынды жалға беру жоспары – 393 051 теңге, орындалғаны – 124,3%.Барлығы 3 млн 905мың 412 теңге  бюджет  қоржынына  түсірілді.

– Денсаулық – зор байлық деген. Ауылдық округтегі денсаулық саласына қатысты бірер ауыз айтып өтсеңіз.

– Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда барлығы 9 адам жұмыс жасайды. 2022 жыл бойынша4174 адам белсенді түрде қаралып ем алса, профилактикалық байқаудан өткен ересектер саны –1179 адам, балалар саны –875.  2022 жыл бойына  туылған бала саны –32. Үйге шақырушылар саны – 222адам. Сондай-ақ, диспансерлік есепте тұратын науқастарға  тиісті медициналық көмектер көрсетіліп келеді. 

– Айдарлы ауылы мәдениетсаласындағы зор жетістіктерімен де көзге түсіп, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Ендеше ауылдағы мәдениет, руханият саласы туралы айтсаңыз.

– ҒафурдинЖанұзақов атындағы ауылдық клубында барлығы 10 қызметкер жұмыс жасайды. 2022 жылы клуб ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 44 мәдени іс-шара өткізіліп, 4950 көрермен тартылды. Ауылдық клуб үйінде қазіргі таңда Айдарлы халық театры, «Сұлу-ай» әжелер ансамблі, ән, би, көркемсөз, қолөнер үйірмелеріне 87 өнерпаз қамтылып, жұмыс жасап келеді. 
Сонымен қатар «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығы арқылы 8 үйірме жұмыс жасап, барлығы 140 оқушы қамтылып отыр. Үйірме өнерпаздары  2022 жылы барлығы 31 байқауға қатысып, оның ішінде аудандық 16 байқау, облыстық 11 байқау, республикалық 2 байқау, халықаралық 2 байқауға қатысып, жоғарғы орынды иеленіп келеді. Айдарлы халық театры Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай жазушының «Еңлік – Кебек» трагедиясын сахналап, ауыл көрермендерінің назарына ұсынды. Театр ұжымы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы», режиссер Мәдиев Тынымбай Сауранбайұлын еске алуға арналған «Өшпес тұлға жолымен» атты халық театрларының облыстық байқауына қатысып, көрермен ықыласына бөленді. Клуб үйінің 2022 жылғы ақылы қызмет көлемі 642,0 мың теңге болып жоспарланып, аталған жоспар 100 пайызға орындалды.

– «Білімді мыңды, білекті бірді жығады» демекші, небір ғалымдар, талант иелері ауылдан шығады. Осы ретте ауылдық округтегі білім саласы өз жұмысын қалай жүргізіп келеді?

– №139 орта мектебінде жаңа оқу жылында 57 мұғалім, 29 кіші қызметкер, 6 адам шағын орталық тәрбиешілері мен кіші қызметкерлері болып жұмысты бастады. 57 мұғалімнің ішінде біліктілік санатының жаңа форматы бойынша,7-і зерттеуші,20-ы сарапшы,14-і модератор, 8 мұғалімнің санаттары жоқ, оның 4-уі жас мамандар. Қыркүйек айынан бері 54 мұғалім «Педагогтардың цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында, 6 мұғалім «Инклюзивті білім беру» тақырыбында, 2 мұғалім қысқа мерзімді пәндік курстан өтті.
Оқу жылының басында 1-11 сыныпта барлығы 351 оқушы сабақты дәстүрлі түрде бастады. Жыл соңындағы үлгерім нәтижесі бойынша үздік оқушылар саны –77, екпінді оқушылар саны – 109 оқу сапасы  55,8 пайызды құрады.

Мектеп бітіруші түлектер толықтай Жоғарғы оқу орнына оқуға түсірілді. Осындай жетістіктерімен жоғары көрсеткіштері үшін біздің мектепке мұғалімдер күні қарсаңында «Жаңашыл мектеп-2022» номинациясы бойынша 150 мың теңгенің сертификаты берілді. Мектебімізде қазіргі таңда 1-4 сынып оқушыларымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын қосқанда барлығы182 оқушы асханадан ыстық тамақ ішуде.
Мектеп ауласы абаттандыруды қажет етеді. Бүгінгі күнге мектепауласын қоршау мен асфальттауға жобалық сметалық құжаттары дайындалып аудандық білім бөлімі арқылы облыстық білім басқармасына жолданды. Қаржы соммасы 40 млн 253 мың тг.
Ал ауылдағы 50 орындық «Нұр сәби» бөбекжай балабақшасында екі топта 45 бала тәрбиеленуде. Ондағы 7 педагог қызметкерлердің бірінші санатты – 2, екінші санатты – 2, педагог модератор – 2, 12 – техникалық қызметші жұмыс істейді.
Сондай-ақ. ауылдағы №11 филиал кітапханасында 18 220 кітап қоры және 12 орындық оқу залы бар екенін де айта кеткеніміз орынды. Берілген кітап саны 3 256, келуші саны 3 856, жаңа түскен кітап саны 204. Жыл көлемінде көркем әдебиеттер мен балалар әдебиеттерін насихаттау тақырыптары бойынша 52 мәдени шара өткізілді.

– Айдарлы ауылында қоғамдық-саяси ахуал қалай?

– Ауылдағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Өзге, теріс ағымдағы дін өкілдері жоқ. Ауылға, мешітке сырттан келіп-кететін адамдар қатаң бақылауға алынып, зерттеліп отырылады. 

– Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы туралы білсек?

– Ауылдық округ бойынша 721 экономикалық белсенді халық тіркелген.Барлық жұмысқа орналасқандар саны –87. Оның ішінде 27 адам тұрақты жұмысқа орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені50 адам, 8 адам жастар тәжірбиесімен, 1 адам  алғашқы жұмыс орнымен, 1 адам ұрпақтар келісім шартымен жұмысқа орналасты.
2022 жылы  атаулы әлеуметтік көмек 21 отбасына тағайындалып, тиісті қаражаттарын алды.
Елді мекендегі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, түрлі спорттық  шаралар ұйымдастырылды.
Тұрғындарға ауыз су, аяқ су тұрақты түрде беріліп отыр. 
Әскерге шақырушылардың уақытылы көктемгі және күзгі медициналық комиссиядан өтуі қадағаланып, 15 азамат зерделеуден өтті. Жоспар бойынша 3 азаматтың 3-і әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борыштарын өтеуде.
Сондай-ақ2022 жыл ішінде барлығы үш қылмыс (екі ұрлық, бір қарақшылық) тіркелді. Үш қылмыс та ашылды. Жыл бойына 90 әкімшілік хаттама толтырылды. Жанұя жағдайына байланысты2 азамат есепке алынып, бақылау жүргізілді.

– Ауылдың негізгі «қолы» ауылшаруашылығы өнімдері ғой. Ауыл шаруашылығы саласы қалай дамып келеді?

– Ауылдық округ бойынша 2023жылдың 1 қаңтарына ауыл тұрғындарының есебінде (шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда)2780 бас ірі қара, 975 бас уақ мал, 1239 бас жылқы, 18 бас түйе және 1204 бас құс бар. 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап 31 мамырға дейін «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқор базасына тіркелмеген мал бастарын тіркеу үшін «Жасыл дәліз-3» бағдарламасы іске қосылып, жасыл дәліз бойынша  тұрғындардан МІҚ420 бас, уақ мал27 бас, 270бас жылқы, 2 түйе  малы дерекқор базасына  тіркелді. 
Елді мекен бойынша барлығы 17га картоп,4га көкөніс, 62га Бақшадақылдары егіліп аудан бойынша орта өнім жиналды.
2022 жылы Айдарлы ауылдық округінен жаңадан 10 га жер учаскесі ашылып, Жастар бригадасынан 10 жас ауыл тұрғыны егін егіп, өнімін жинады.

– Кәсіпкерлік саласы ше?

– Ауылдық округі бойынша 118 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғаны – 114.Оның ішінде жеке кәсіпкерлер –34, шаруа қожалықтары –82 және АӨК –2.  
Кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2азамат құны6 млн теңгеге, «Жұмыспен қамту жол картасы» (Атамекент МҚҰ) арқылы1 жеке кәсіпкерқұны5 млн теңгеге, «Микробизнес» бағдарламысы арқылы 1 жеке кәсіпкер құны 4 млн теңгеге, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы арқылы 1 жеке кәсіпкер құны 2 млн теңгеге, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 2 жеке кәсіпкер құны 5 млн 300 мың теңгеге қаржыландырылып өз кәсіптерін жүргізуде.

«Бизнес Бастау» жобасы арқылы 1 млн 225 мың 200 теңге грант тетігі бойынша 13 азамат ұтып, 15 млн 927 мың 600 теңгеге қаржыланды.

– 2022 жылы бюджет қаражатын игеруге байланысты қандай жұмыстар атқарылды?

– Ауылды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтам» каналының 6,7 шақырымын қазуға облыстық бюджеттен 34 млн теңге бөлініп, «Табиғат» мекемесі арқылы қазу жұмыстарын жүргізілді. Су тапшылығының алдын алу үшін облыстық бюджеттен 18 млн теңге қаржы бөлініп 2 дана СНП – 500/10 дизелді насосы және Республикалық бюджеттен 9 млн теңге қаржы бөлініп 1 дана СНП-500/10 электрлі насосы сатып алынды. Елді мекенді таза ұстау үшін аудандық бюджеттен 149 мың теңге бөлініп 3 дана контейнер орнатылды. Көше жарығын күтіп ұстау, Елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыруға және тазалығын қамтамасыз етету жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ауылдағы ескі электр әуе желілерін және электр бағандары мен трансформаторларды жаңаға ауыстыру құрылысы жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 4,660 мың теңге бөлініп, «ПСК Қабілет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жоба әзірленіп 327,736 мың теңгеге Республикалық бюджетке бюджеттік өтінім берілді. Нұртаза көшесінің аяқ жағы мен Шамах көшесін асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 109 мың теңге бөлініп «Транс-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Досбол датқа көшесіне 1,5 шақырымға жаяу жүргіншілер жолын төсеу үшін демеушілер есебінен «Алигроэксперт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жоба әзірленіп Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөліміне ұсынылды. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Досбол датқа көшесіне жасанды жол кедергісі орнатылды. Айдарлы – Ботабай тас жолының 7 шақырымына «УАД» ЖШС орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

– Алдағы жоспарлар қандай?

– 2023 жылы төмендегідей жұмыстар атқарылады деп күтілуде.
Айдарлы ауылдық округіндегі Қаныш Сатбаев, Досымбетұлы Жармахан, Айтбай Жиренов көшелерінеОблыстық бюджеттен78 млн 651 мың теңге бөлініп орташа жөндеу асфальттау жұмыстары жүргізілетін болады.
Досбол датқа көшесін жағалай жаяу жүргіншілер жолын салу үшін Облыстық бюджеттен 29 млн 328 мың теңге бөлініп мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендегі тозығы жеткен электр желілері мен электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Мердігер мекеме анықталды, Наурыз айында тиісті жұмыстарын бастайтын болады.
Айдарлы ауылдық округінің қатты қалдықтарды орналастыру жұмыстары бойынша құрылыс заттарын алып, демеушілік есебінен тиісті жұмыстарды ұйымдастырамыз.
Қызылорда-Айдарлы автожолын толықтай асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 1млрд 366млн теңге бөлініп мердігер мекеме УАД ЖШС наурыз айында тиісті жұмыстарын бастайтын болады.
Айдарлы  ауылдық округінің жасыл белдеу орналастыру жұмыстары бойынша құрылыс заттарын алып, демеушілік есебінен тиісті жұмыстарды ұйымдастырамыз.
Салық базасын ұлғайту бағытында шараларды қамтамасыз ету көзделуде.
Ауыл тұрғындары арасында«Халық табысын арттыру» жобасы аясында кәсіпкерлікті қолдау шараларын жүргізу, 2,5 пайызбен несие беру бағдарламасы арқылы қаржылық мүмкіндіктерге қолдау көрсетіледі.
Теңгерімге алынған ескі балабақша ғимаратынан «Нар-Шах» спорт орталығымен келісім шарт жасап спорт мектебін ашу да жоспарда бар.
«Ақтам» каналының аяқ жағын құжаттандыру және қазу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс беру де биылғы жылдың жылдық жоспары қатарында кезек күтуде.
Және Досбол датқа көшесі бойына 3 дана бейне бақылау камерасын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Бұл жұмыстар өз кезегінде реттілікпен жүзеге аса отырып, ауылымыздың дамуына, гүлденуіне алғышарт болары сөзсіз.
 

Тағы да оқыңыз: