Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезі аясында «Жаңа Қазақстан және әлемдегі заманауи геосаяси ахуал» тақырыбында «Jas Talks» диалог алаңының алғашқы отырысы өтті.

«Jas Talks» алаңының алғашқы қонағы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева болды.

Аида Балаева жастар съезі делегаттарымен пікірсайыс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыруға Жаңа Қазақстанды құратын жастар қауымы елеулі үлес қосатынын атап өтті.

«Ұлт болашағы жас ұрпаққа тікелей байланысты. Қазіргі уақытта ондаған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Соның нәтижесінде, жаңа буын барлық салада табысқа қол жеткізіп келеді. Президент жастар қауымына ерекше үміт артады. Партияның жастар қанатын жаңарту мәселесінде ең бастысы қоғамның барлық топтарымен тығыз қарым-қатынаста болу керек. Съезд жастар саясатын дамытуға серпін беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Аида Балаева.

Тағы да оқыңыз: