Kyzylorda-news.kz Танымал блогер Әлішер Елікбаев әнші Қайрат Нұртастың қатысы бар “Прайм” плазадағы оқиға қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы әншінің шығармашылығын жоғары бағалайтынын “Айқап” подкастында жеткізді. 

“2013 жылы Айсұлтан Назарбаевтың тойы болып жатқанда Қайрат Нұртастың “Прайм” плазадағы шуы басталған еді. Достық даңғылының жоғары жағында үйлену тойы болып жатты. Қаланың төменгі көшесінде әншінің концерті жанжалға ұласты. Сол кезде алматылықтардың бірінші сұрағы: “Қайрат Нұртас деген кім?!” болды. Көбі танымайды екен. Ол кезде мен журналист болып жұмыс істеймін. Қайратты редакцияға шақырып, орысша сұхбат алайық дедім. Бірақ ол келіспей, қазақша беремін деді. Анасымен де сөйлестік. Ақыры қазақша сұхбат беріп, оны біз орысшаға аудардық. Мықты әнші екеніне көзім жетті. Орыс тілді орта ғана Қайрат Нұртасты онша танымайды екен. Шығармашылық жолына кедергі көп болды”, – деді блогер. 

Сондай-ақ Алматы қаласының сол кездегі әкімі Ахметжан Есімов Қайрат Нұртастың концерттерін өткізуге тыйым салғанын да жасырмады. 

“Сен Алматыда концерт бермейсің, сенің кім екеніңді танымаймыз” деп Ахметжан Есімов Қайрат Нұртасқа ашуланды. Енді концерт бермейді деп эмоциялық шешім шығарды. Өйткені жоғары жақтағы той қатар өтіп жатқан еді. Бірақ сұхбаттың орысша нұсқасын оқығаннан кейін халықтың Қайратты қалай жақсы көретініне көзі жетті. Жалпы Есімов әншінің шығармашылығына тосқауыл болғаны жасырын емес”, – деді Елікбаев.

Сурет: stan.kz

Тағы да оқыңыз: